Манипуляция | Әлемдік қылмыс деңгейі бойынша Алматы 112-орында

Қыркүйектің 22-сінде бірнеше сайт Numbeo ресурсының криминалға қатысты 2018 жылғы рейтингіне сілтеме жасап, жаңалық таратты. Әлгі рейтингіде Алматының әр жерде түрлі орында тұрғаны күмән туғызады, әрі рейтингіні де қандай критерийлер бойынша жасағаны қызық.

Манипуляция | Әлемдік қылмыс деңгейі бойынша Алматы 112-орында
РБК сайтынан скрин.
Мировой криминальный рейтинг
Ресурстың 2018 жылғы рейтингі. Алматының криминал индексі — 50.06.
Криминальный рейтинг городов мира
Мына жерде – үнемі жаңарып тұратын рейтинг. Алматы бұл жерде 16-орында (материал әзірленіп жатқанда 15-орында болды). Криминал рейтингі – 72.20. Қауіпсіздік индексі – 27.54.

Ары қарай тіптен қызық:

Криминальный рейтинг городов мира
2018 жылдың жартысы бойынша рейтинг. Алматы бұл жерде — 117-орында. Криминал индексі — 49.41, қауіпсіздік индексі — 50.59.

Үкім: Манипуляция

Сайттар сілтеме жасаған рейтинг статистикаға, қылмыс деңгейіне негізделіп жасалмайды: ондағы мамандар сүйенетін ақпарат – әлеуметтік сауалнама. Бұл сауалнамаға алматылықтар да, қалада тұрмайтындар жауап бере алады (яғни, жауап беретін – қазақстандықтар, бірақ олар қаланы өзі таңдай алады).

Турасын айтқанда, ақпараттық сайттар жеке адамның бағалауы мен көзқарасына негізделіп жасалған рейтингіні жариялап, таратқан. Рейтингінің критерийлерін мына сілтемеден көре аласыз. Онда 15 сұрақтан тұратын сауалнама бар. Мәселен:

“Қылмыс деңгейі, сіздің ойыңызша, қаншалықты жоғары?”. Жауап нұсқалары: “Тым жоғары; Жоғары; Орташа; Төмен; Мүлдем аз; Жауап беру қиын”.

Немесе

“Әлдекім балағаттар, көшеде я басқа бір қоғамдық орында қоқан-лоққы көрсетер деп алаңдайсыз ба?” деген сұраққа: “Қатты алаңдаймын; Алаңдаймын; Байыпты кейіптемін; Аздап алаңдаймын; Мүлдем қам жемеймін” деп жауап беруге болады.

Тап осындай формадағы сұрақтар ұрлық, тонау, нәсіліне байланысты, ұрып кетуге қатысты да қойылады. Жауап берушінің жемқорлық пен есірткі саудасына қатысты да жеке бағасын сұрайтын сауалдар бар.

Қайсысына сенеміз?

Бұл “рейтингіге” қарағанда әлдеқайда сенімді екі статистикалық ресурс жайлы айтайық. Бірі – UNODC (БҰҰ-ның есірткі мен қылмыс бойынша басқармасы), екіншісі – қазақстандық ресурс – ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнаулы есеп комитеті. Мына сілтемеге өтіп, UNODC-тың жылына 100 мың адамға шаққанда қасақана кісі өлтіру жағдайы қанша рет тіркелгенін есептеу арқылы қандай да бір елдегі қауіпсіздік деңгейін көрсететін статистикасымен таныса аласыз.

Криминальный рейтинг стран мира ООН

Өкінішке қарай, UNODC-тың Қазақстан бойынша рейтингі соңғы рет 2015 жылы жаңартылған. Ол кезде 4,81 көрсеткішімен (853 өлім) Қазақстан 78-орында еді. Андорра, Лихтенштейн мен Монако 100 мың адамға шаққанда бірде-бір адам өлімі болмаған елдер ретінде бірінші орында тұрды. БҰҰ-ның көрсеткіші мен Құқықтың статистика мен арнаулы есеп жөніндегі комитеттің 2015 жылғы деректің айырмашылығы бар. 2015 жылы Қазақстанда 862 кісі өлімі жағдайы тіркелген (99-бет).

Есеп арқылы әшкерелеу  

Шынында да, Алматы қаншалықты қауіпті яки қауіпсіз қала? Америкалық Остин (Техас) қаласымен салыстырып көрейікші. Остин бойынша статистиканы мына сілтемеден көруге болады. (Дереккөз: Нью-Йорк унивеситетінің заң мектебі жанындағы Бреннан орталығы.) Қылмыс көрсеткіші – 3 465 (100 мың адамға шаққанда).

100 мың адамға шаққандағы қылмыстың ортақ коэффициентін есептеу формуласы былай:

К = Қ х 100 000 / Х, бұл жерде:
К — қылмыс коэффициенті
Қ — қылмыс саны
Х — халық саны

Алматыда 2017 жылы 61 494 қылмыс тіркелген (63 797 заңбұзушылық ішінен). Статистика департаментінің дерегі бойынша, 2017 жылы Алматыдағы халық саны – 1 802 000 адам.

Демек, Алматыда былтыр қылмыс коэффициенті 3 412,5 болған.

1 жылда Остин мен Алматыдағы жағдай күрт өзгере қоймас. Қылмыс деңгейі жағынан алғанда бұл екі елдің көрсеткіші шамалас, тіпті Алматы “тынышырақ”. Алайда Алматыны – 112-орынға, Остинді 247-орынға қойған Numbeo “рейтингіне” қарап мүлде басқаша ой түюге болады.

Қазақ тіліне аударған – Аян Қалмұрат

Журналист, фактчекер, МА (Journalism for international students, University of Westminster, London), технический писатель, редактор, PR-специалист, руководитель проектов (медиа и PR)

Factcheck.kz