Фактчек | NEET санатындағы жастарды жұмыспен қамту

9 ақпанда өткен Мәжілістің жалпы отырысында Елнұр Бейсенбаев NEET санатындағы жастардың жұмыспен қамту туралы дерек келтірді. Factcheck.kz депутат мәлімдемесін тексерді.

Тайм-код: 1:17:48

Жастар арасындағы жұмыссыздықты азайтуға ерекше назар аудару керек. Әсіресе, NEET санатындағы жастардың көбі кездейсоқ табыстың арқасында өмір сүреді. Осы ретте, 700 мың жұмыс орнын ашу, іс жүзінде орындалуы керек. Бұл бір. Екіншіден, жастарға арналған бағдарламалар, олардың тек 3%-ін қамтитындығын және бұл құжаттардың түпкілікті нәтижелері бюджет қаражатын игеруге көбірек бағытталғаны анықталуда. Оған қоса, жастардың көбі сол шаралар туралы білмейді.

Елнұр Бейсенбаев

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2021 жылдың он бір айының қорытынды дерегіне сай, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы арқылы былтыр барлығы 470,2 мың адам жұмысқа тұрған, оның ішінде жастар практикасына 26 мың адам қатысқан. Жастарға тиісті көрсеткіш расымен төмен, ол 5,53%-ті құрайды. Депутат айтқан 3% — 2022 жылдың жоспары.

Контекст

2022 жылы жастар практикасына кемінде 22 мың адамды, «Алғашқы жұмыс орны» жобасына кемінде 3 мың жас адамның қатысуын ұйымдастыру, жалпы 25 мың адамды жұмысқа орналастыру жоспарланған. Бұл 700 мың жұмыс орнының 3,57%-і.

Елнұр Бейсенбаев Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың 8 ақпандағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында өңдеу өнеркәсібінде 700 мың қазақстандықты жұмыспен қамту жоспарланғаны туралы мәлімдемесіне (тайм-код: 4:40) сүйенген болуы керек.

Жұмыспен қамту және кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының мақсатына “Мәңгілік ел жастары – индустрияға!” (“Серпін”) жобасы аясында кадрлар даярлау, “Жастар – ел тірегі”, «Ұрпақтар келісімі» жобасын іске асыру жатады.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz