Фактчек | Мәжіліс депутаттары электр және жаңартылатын энергия туралы

7 қазанда өткен жалпы отырыс барысында Парламенттің төменгі палатасының депутаттары жаңартылатын энергия көздері мен электр энергетикасын пайдалануды қолдау мәселелеріне қатысты заңнамалық түзетулерді мақұлдады. Заң жобасын Экология мәселелері және табиғат пайдалану комитетінің мүшесі Шавкат Өтемісов ұсынды, ал талқылауға Нұрлан Әлімжанов пен Ерсұлтан Бектұрғанов қатысты.

Біз Мәжіліс депутаттары айтқан кей мәлімдемелерді талдап, екі шынайы, бір жартылай шынайы және бір манипуляциялық ақпарат таптық. Сондай-ақ тағы бір мәлімдемеге қатысты еш үкім шығармадық.

Фактчек | Мәжіліс депутаттары электр және жаңартылатын энергия туралы

Мәлімдеме: Бүгінде елімізде электр энергиясы артығымен өндіріліп жатыр, профицит шамамен 3000 МВт-ты құрайды.

Шавкат Өтемісов

Үкім: Манипуляция

Энергетика министрлігінің Баспасөз қызметі заң жобасын таныстыра отырып, Қазақстанда электр энергиясының профициті шамамен 2000 МВт екенін айтты. Алайда елімізде энергия соншалықты артылып қалмайды, негізі бұл – қуаттың қалыпты мөлшердегі қоры. Болжам бойынша 2020 жылы артық қалған қуаттың нақты мөлшері бар-жоғы 793 МВт, келесі жылдары бұл көрсеткіш тек азая түспек.

Өңірлердегі жағдай әр жерде әртүрлі. Мәселен Электр энергиясы мен қуаты рыногының қазақстандық операторы ұсынған ақпарат бойынша, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Маңғыстау облыстарында энергия артық, ал қалған облыстарда, керісінше, тапшы.

Фактчек | Мәжіліс депутаттары электр және жаңартылатын энергия туралы
«КОРЭМ» АҚ-ның электр энергиясы нарығының жұмысына мониторинг жүргізу және 2020 жылдың 6 айындағы орталықтандырылған сауда-саттық қорытындылары туралы есептен

Мәлімдеме: [Тарифтерді анықтаудың аукциондық жүйесіне көшкеннен кейін], ЖЭС (жел электр станциялары) үшін тарифтер 10,1%-ға, шағын СЭС (су электр станциялары) үшін – 14,5%-ға, КЭС (күн электр станциялары) үшін – 36%-ға төмендеді. Бастапқыда КЭС тарифтері бір кВт/сағ үшін 30 теңге, ал соңғы аукционда 12,5 теңге болды.

Шавкат Өтемісов

Үкім: Үкім жоқ

Бұл жағдайда Мәжіліс депутатының сөзін тексеру мүмкін емес, себебі мәлімдеме контексінен қандай тарифтер, қандай кезеңде бір-бірімен салыстырылғаны түсініксіз. Біз батыл шешім қабылдап, деректерді өзімізше салыстырып көрдік:

ТүріБелгіленген тариф (2018 жылға дейін болды)2018-2019 жж. сауда-саттық қорытындылары бойынша аукциондық бағалар (ең төменгі бағалар)2020 жылғы аукциондық баға шегі (Үкімет белгілейді)
ЖЭС22,68 теңге/кВтсағ12,8 теңге/кВтсағ21,69 теңге/кВтсағ
КЭС34,61 теңге/кВтсағ9,9 теңге/кВтсағ16,97 теңге/кВтсағ
Шағын СЭС16,71 теңге/кВтсағ13,13 теңге/кВтсағ15,48 теңге/кВтсағ

Осылайша аукциондар енгізілгеннен кейін 2018-2019 жылдары ЖЭС үшін тарифтер 43,6%-ға, КЭС үшін 71,4%-ға, шағын СЭС үшін 21,4%-ға төмендеді. Алайда осыған дейін жазғанымыздай, тарифтердің төмендеуі сауда-саттықта жеңіске жеткен кәсіпорындардың сатып алатын жабдықтарының сапасына тікелей әсер етеді, себебі Қазақстанда күн, жел және су энергиясына бекітілген бағалар әлемдегі орташа көрсеткіштерден әлдеқайда төмен.

Түрі2018-2019 жж. сауда-саттық қорытындылары бойынша аукциондық бағалар (ең төменгі бағалар) АҚШ долларымен есептегенде*Электр энергиясының 2019 жылғы әлемдені орташа бағасы
ЖЭС (жер үсті)0,033 доллар/кВтсағ0,053 доллар/кВтсағ
КЭС0,025 доллар/кВтсағ0,068 доллар/кВтсағ
Шағын СЭС0,034 доллар/кВтсағ0,047 доллар/кВтсағ
* АҚШ долларының 2019 жылғы орташа ресми бағамы – 382,75 теңге

Мәлімдеме: Есеп айырысу-қаржы орталығы инвестормен 15 жыл мерзімге жаңартылатын энергия көздерінен (ЖЭК) электр энергиясын сатып алу және сату туралы келісімшарт жасайды.

Нұрлан Әлімжанов

Үкім: Шындық

«Қаржы-есеп айырысу орталығы осы Заңға сәйкес қолдау жүзеге асырылатын және уәкілетті орган жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдардың тізбесіне енгізген жаңартылатын энергия көздерін пайдаланатын энергия өндіруші ұйымдармен электр энергиясын сатып алу-сату шарттарын он бес жыл мерзімге жасасады», деп көрсетілген «Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау туралы» Заңның 7-1-бабындағы 4-тармағында.

Біз материалдың басында осы Заңдағы Мәжіліс мақұлдаған түзетулер туралы айтқан едік. Олар бойынша жаңартылатын энергия көздерінен электр энергиясын сатып алуға арналған келісімшарттың белгіленген мерзімін 20 жылға дейін ұзарту қарастырылған. Болжам бойынша мерзімді ұзарту «инвесторға аукциондық сауда-саттықта неғұрлым төмен тарифтер ұсынуға мүмкіндік береді», бұл болашақта тұтынушылардың шығындарын автоматты түрде азайтады.

Мәлімдеме: Бүгінгі таңда елімізде жаңартылатын энергия көздерінің 105 нысаны жұмыс істейді.

Нұрлан Әлімжанов

Үкім: Шындық

Энергетика министрлігінің мәліметтері бойынша 2020 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда жаңартылатын энергия көздерінің 101 нысаны жұмыс істейді. Жоспар бойынша жыл соңына дейін елімізде жаңартылатын энергия көздерінің 108 нысаны жұмыс істейтін болады.

Фактчек | Мәжіліс депутаттары электр және жаңартылатын энергия туралы
Энергетика министрлігінің презентациясынан (18.09.2020)

Мәлімдеме: Бүгінгі таңда негізгі қуатты (шамамен 70%) көмірмен жұмыс істейтін электр станциялары өндіріп отыр. Олар өздерінің технологиялық ерекшеліктеріне байланысты икемді қуаттың қажетті деңгейін қамтамасыз ете алмайды. Жалпы генерацияның тек 12%-ы икемді энергия көздеріне жатады, олар – газ турбиналық және су электр станциялары.

Ерсұлтан Бектұрғанов

Үкім: Жартылай шындық

Электр станцияларының әртүрлі түрлеріне, яғни олардың қуатты динамикалық түрде өзгерте алу сияқты техникалық мүмкіндіктеріне байланысты түрлі икемділік деңгейі беріледі. ЖЭК жағдайында икемді қуат мөлшерінің жеткілікті болу қажеттілігі баламалы энергия көздерінің жұмысының тұрақсыздығына байланысты. Басқаша айтқанда, икемділік электр жүйесінде тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді, мысалы, жеткіліксіз жерде электр қуатын тез толықтырады.

ЖЭС ең икемсіз энергия көздерінің бірі саналады, бұл бірінші кезекте көмірді тез сөндіріп, тұтатуға байланысты. Қазақстанның көмірмен жұмыс істейтін жылу электр станциялары бірінші жартыжылдықта 41 969 млн кВтс электр энергиясын өндірген. Бұл – Қазақстанның біртұтас электр жүйесіндегі жалпы өндірістің 80,8%-ы. Газ турбиналық және су электр станциялары шынымен де икемдірек, алайда олар 2020 жылдың бірінші жартыжылдығында еліміздегі жалпы электр энергияның тек 18,3%-ын өндірген.

Журналист-аналитик. Магистр социальных наук

Factcheck.kz