2022 жылы ЕАЭО аумағындағы транзит көлемі артты ма?

2 наурызда өткен сенаттың жалпы отырысында депутат Әлібек Нәутиев Еуразиялық экономикалық одақ елдері мен Қазақстан аумағындағы транзит көлеміне қатысты дерек келтірді.

Factcheck.kz редакциясы оның сөзі қаншалықты рас деген сұраққа жауап іздеді.

Сенатор сөзі (тайм-код: 28:22)

Мәлімдеме: Уәкілетті органның ақпараты бойынша, Еуразиялық экономиклық аймаққа [одаққа-авт.] мүше мемлекеттердің аумағында 2021 және 2022 жылдары транзиттің жалпы көлемі 9,7%-ға өскен.

Әлібек Нәутиев

Үкім: Дәлелденбеген

Сенатор сөзінде нақты қай уәкілетті органның дерегіне сүйеніп отырғанын нақтыламайды. Ал мұндай статистикаға жауапты Еуразиялық экономикалық комиссияның (ЕЭК) 2022 жылғы қорытынды дерегі әлі жарияланбаған.

ЕЭК-ның ең кейінгі дерегіне сай, жүк тасымалдау индексі 2022 жылдың қаңтар-наурызында өткен жылдың сол кезеңіне қарағанда 1,6%-ке ғана артқан.

Мәлімдеме: Осы кезеңде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тасымалданған тауарлар транзитінің көлемі 13%-ға көбейген және Қазақстан Республикасындағы импорт көлемі 2022 жылы 28%-ға ұлғайған.

Әлібек Нәутиев

Үкім: Шындыққа жақын

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі 2022 жылы 2021 жылмен салыстырғанда ел аумағы арқылы өткен транзиттік жүктердің көлемі 12,6%-ке не 26,8 млн тоннаға көбейгенін хабарлаған. Ал дәл сол уақытта Қазақстанның импорты 28%-ке емес, 20,8%-ке артқан.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz