Жапонияда Zoom қоңырауларына арналған дипфейк қосымша жасалды

EmbodyMe жапондық стартап виртуалды костюм кигізетін “Xpression camera” дипфейк-қосымшасын жасап шығарды. Бұл туралы Nikkei Asia сайтында хабарланды.

Хpression камерасы адамның сыртқы келбетін жасанды интеллектпен ауыстырады. Бұл қолданушының бет-әлпетіне және дене қимылына сәйкес нақты уақыт режимінде сөйлесуге мүмкіндік береді.

Қосымшаны Zoom, Teams, YouTube және т.б. сервистерге қосуға болады. Камера баптауына кез-келген суретті, мәселен, костюмдегі фотоны жүктеу жеткілікті. Адамның киімі мен бет-әлпетін дип-фейк қосымша автоматты түрде өзгертіп, трансляция жүргізіп, видео түсіруге мүмкіндік береді.

Контекст

  • Дипфейк тек адам сөзін я қимылын емес, мимикасы мен эмоциясын да айнытпай қайталайды.
  • Бұған дейін TikTok қосымшасына иелік ететін ByteDance компаниясы бетіңізді басқа біреудің видеосына қоюға мүмкіндік беретін технологияны жасады.

Factcheck Academy 2021 түлегі.

Factcheck.kz