YouTube вакцинаға байланысты 30 мыңға жуық фейк ақпаратты өшірді

YouTube кейінгі алты айда 30 мыңға жуық COVID-19 вакцинасына байланысты фейк және арандатушы видеоны өшірді. Бұл туралы Axios сайты хабарлады.

Ресми өкіл Елена Эрнандестің айтуынша, YouTube 2020 жылдың ақпан айынан бастап короновирус вакцинасы туралы 800 мың күмәнді видеоны жойған.

2020 жылдың қазан айында YouTube жергілікті бақылау органдарымен бірге ДДСҰ-ның сараптамалық қорытындысына қайшы келетін COVID-19 вакцинациясы туралы фейк видеоларды өшіретінін мәлімдеген.

Ал жалған ақпарат жариялаған акаунттар мәңгі бұғатталды. Еске сала кетейк, былтыр Google компаниясына тиесілі YouTube платформасы коронавирусқа қарсы вакцинация туралы жалған мәліметтері бар видеоны жоятынын ескерткен.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz