WhatsApp жаңа функцияны іске қосты

WhatsApp желісінің әкімшілігі видео мен фотоны тек бір рет көріп, өшіруге мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосты. Бұл туралы Tech Crunch сайты хабарлады.

Енді желі қолданушылар видео мен фотоны тек бір рет көруге мүмкіндік беретін View Once (бір рет көру) режимін қолдана алады. Бұл функцияны пайдалансаңыз фото мен видео өшіріледі. Өшірген соң видео мен фотоны қайта қалпына келтіре алмайсыз.

Мессенджер әкімшілігінің хабарлауынша, бұл функцияның көмегімен қағазға жазылған парольді бөлісуге ыңғайлы. Сонымен қатар, желі қолданушылар осы қызметтің көмегімен жіберілген фото мен видеоның құпия деңгейде сақталатына алаңдамайды.

WhatsApp әкімшілігі осы аптада бұл функция барлық пайдаланушылар үшін қол жетімді болады деп хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz