Үндістандағы WhatsApp мэссенджері арқылы таралған жалған бейне

Үндістанда WhatsApp мэссенджерінен тараған жалған ақпараттың арқасында халық арасында да, үкімет өкілдерінде де қиындықтар туындауда. Жалған мазмұндағы хабарламалар қоғамдағы көптеген проблемалардың себебіне айналуда. Кейде жалған ақпараттың әлегі азаматтардың өліміне де әкеледі.

Жалған видео

WhatsApp арқылы тараған видеода белгісіз екі адам көшеде ойнап жүрген балалардың бірін еш қиындықсыз алып кеткені анық көрінеді. Аталмыш видео Үндістандықтар араcында кеңінен таралған. Хабардың мұндай түрі адамдардың жедел реакциясын тудырды.

Түпнұсқа видео қандай еді?

Шын мәнісінде, бұл видеоны Пакістандық белсенділер қоғам назарын бала ұрлығына аудару үшін түсірген екен. Ролик соңында «ұрылар» баланы қайтарады.

Мәселенің себебі

Poynter Institute мәліметінше, қылмыскерлер медиа сауаттылық туралы білмейтін адамдар. WhatsApp арқылы тараған жалған хабарламадан әсерленген адамдар қылмыскерлерге шабуыл жасап, ұрып-соғу арқылы жазалауды дұрыс деп шешеді. Шабуылға ұшыраған құрбандар көбінесе кінәсіз.

Мәселені қалай шешуге болады?

WhatsApp-тың тек Үндістанның өзінде 200 миллион қолданушы бар. Мәселені шешу үшін WhatsApp бөлісілген хабарламаларды ерекшелеп тұратын жаңа функция енгізді. Сондай-ақ, тәжірибе ретінде жіберілген хабарламалардың лимиті функциясын енгізілді. Қосымша ақпарат алу үшін мына мақаланы қараңыз.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz