TikTok 13 жасқа толмаған 400 мың қолданушының аккаунтын өшірді

TikTok желісінің әкімшілігі жүз мыңнан астам есептік жазбаны өшірді. Мұндай шешім қабылдауға Италияның ұлттық деректерді қорғау жөніндегі қауіпсіздік қызметі түрткі болды. Бұл туралы TechCrunch сайты хабарлады.

Осы жылдың басында TikTok әкімшілігі Италия билігінен “қолданушылардың жасын тексеріп, 13 жасқа толмаған қолданушыларға кіруге тыйым салу туралы” бұйрық келді.

Мемлекеттік реттеушінің мәліметінше, 9 ақпаннан 21 сәуірге дейін 12,5 миллионнан астам италиялық пайдаланушылар тексеруден өтті.

Бұған дейін, TikTok желісі «16 жасқа толмады» деген күдікпен жарты миллионға жуық пайдаланушылардың есептік жазбасын өшірген. Сонымен бірге, 13 жасқа толмаған 400 мың аккаунт иесіне желіні пайдалануға тыйым салды.

Контекст

  • Италия билігі Палермодағы 10 жасар қыздың өлімінен кейін бұл мәселеге араласты. Ол TikTok-тағы «Blackout Challenge»-ге қатысқан кезде тұншығып қайтыс болды. Мұндай видео түсіру барысында челленджге қатысушы дем алмауы керек).
  • Қазіргі уақытта TikTok желісінің әкімшілігі 13 жастан асқан қолданушылар ғана пайдалану үшін қосымша шара қолданып жатыр.  

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz