Сот «Медуза» сайтын «шетел агенті» тізімінен алып тастаудан бас тартты

Мәскеу аудандық соты «Медуза» сайтын «шетел агенті» тізімінен алып тастаудан бас тартты. Ресей Әділет министрлігі тәуелсіз БАҚ-тың шетелден қаржы алатыны туралы дәлел көрсетпесе де, осындай шешім шығарылды. Бұл туралы DW сайты хабарлады.  

«Медузаның» адвокаты Сергей Бадамшиннің хабарлауынша, Әділет министрлігі ұсынған Ресей қаржы мониториң құжаты сотқа жарамсыз. Бұған қоса, тәуелсіз БАҚ-тың шетелден қаржы алатыны туралы дәлел жоқ екенін де айтты.

Бадамшин бұл шешімімен келіспейтінін және сот шешіміне шағым түсіретінін айтты. Себебі биліктің Медузаны «шетел агенті» деп тануын «негізсіз» деп санайды.

Контекст

  • 2017 жылы Ресейде «шетел агенті» туралы БАҚ заңы қабылданған. Бұл заңға сәйкес шетелден қаржы алатын кез-келген БАҚ «шетел агенті» тізіміне енеді. Қазір бұл тізімде 20-ға жуық ұйым енген. Олардың қатарында «Настоящее время», «Радио Свобода» және «Голос Америки» арналары бар.
  • 23 сәуірде “Медуза” сайты «шетел агенті» деп танылған. Бұл тізімге енген БАҚ-тардың жұмыс жасауы қиындайды.

Мадияр Бабахан. Тұран университетінің 3-курс студенті.

Factcheck.kz