Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер

2021 жылдың басы өте дүрбелең оқиғалармен есте қалды, оның бірі – президент Дональд Трамп жақтастарының Вашингтондағы Капитолийге шабуылдауы, олар Трамп сияқты сайлау қате өтті және нәтижелер бұрмаланды деп санайды.

Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер
Supporters of President Donald Trump climb the west wall of the the U.S. Capitol on Wednesday, Jan. 6, 2021, in Washington. (AP Photo/Jose Luis Magana)

6 қаңтарда Конгресс отырысы кезінде ғимаратқа наразылық білдірушілер жиналды, олар сайлау коллегиясы дауысын санау рәсіміне кедергі жасамақ болды. Капитолийге шабуыл жасамас бұрын олар Дональд Трамп сөз сөйлеген Ақ үйдің алдындағы митингіге қатысты. Бүлік пен полициямен және Капитолий күзетшілерімен күрес нәтижесінде наразылық білдірушілер арасынан төрт адам және бір полицей қаза тапты.

Оқиға кезінде және одан кейін әлеуметтік желілер мен бұқаралық ақпарат құралдары Капитолийдегі шабуылға қатысты әртүрлі фейк және жалған мәлімдемеге толды. Оқырман сұрауы бойынша ең негізгі пікірлер мен оларды тексерген қысқаша шолу дайындауды жөн көрдік.

Жалған ақпаратты талдау

Біздің бақылауымыз бойынша, ең танымал пікір – капитолийге шабуылды Дональд Трамптың жақтастары емес, Антифа қозғалысы өкілдері ұйымдастырды, олардың жоспары кейін шабуылға Трамптың жақтастарын кінәлау еді. Бұл туралы Facebook, Twitter және басқа әлеуметтік желілердегі көптеген пост қана емес, тіпті кейбір шенеунік, республикалық партия өкілдері де мәлімдеді.

Анықтама: Антифа – солшыл фашистікке және нәсілшілдікке қарсы саяси қозғалыс.

Сонымен бірге, мәлімдеме әртүрлі формада және әртүрлі «дәлелмен» таратылды. Төменде ең негізгілерін талдадық.

Пікір: ФТБ (ФБР) жаңа ғана Капитолийге шабуыл жасаған Трамптың жақтастары емес, Антифа екенін растады.

Әлеуметтік желілердегі хабарлама

Үкім: Фейк

ФТБ мұндай нәрсені растаған жоқ. 8 қаңтарда баспасөз брифингісінде ФТБ директоры көмекшісі Стивен Д’Антуоно қазіргі уақытта Антифа қозғалысының Капитолий шабуылына қатысының белгісі жоқ екенін айтты. Бір күн бұрын Колумбия аймағы прокурорының міндетін атқарушы Майкл Шервин де тергеушілер Антифаның бұл оқиғаға қатысы барын дәлелдейтін ештеңе көрмегенін мәлімдеді.

Пікір: Бет-әлпетті тану компаниясы Антифаның Колумбия аймағындағы Трамптың митингісіне енгенін растады.

The Washington Times

Үкім: Фейк

Наразылық білдірушілердің жүзін тану бойынша жұмыс істеген XRVision компаниясы Антифа мүшелерін анықтаған жоқ. Керісінше, нацист топтармен байланысы бар екі адам анықталды.

6 қаңтарда The Washington Times «Бет-әлпетті тану компаниясы Антифаны Капитолийге шабуыл жасаған Трамп жақтастарының қатарына еніп кетті деп мәлімдейді» деген мақала жариялады. Осыдан кейін әлеуметтік желілерде осы тақырыптағы хабарламалар тарай бастады.

The Washington Times мақаласында отставкадағы бір әскери офицер басылымға XRVision компаниясы наразылық білдірушілер жүзін тану үшін өзінің компьютер бағдарламасын қолданып, Капитолийға шабуыл жасаған екі адамның Филадельфиядан келген Антифа мүшелері екенін анықтаған деп мәлімдеді. Сондай-ақ, дереккөзде аталған адамдар фотосуреті ұсынылғаны айтылады, бірақ мақалада фотосуреттер жоқ.

PolitiFact-тегі әріптестеріміз XRVision-мен байланысқа шықты, оның адвокаты The Washington Times газетіне немесе «отставкадағы әскери офицерге» ешқандай фотосурет ұсынбағанын айтты. Компания оқиға болған жерден алынған мәліметтерді талдап, жеке деректері құқық қорғау органдарына берілген бірнеше адамды анықтады. Атап айтқанда, анықталған екі ер адамның жергілікті нацист ұйымы “Мэриленд скинхедтерімен” және “Ұлттық социалистік қозғалыспен” байланысы бар. Олардың Антифамен байланысы жоқ.

Кейін The Washington Times мақаланың атауын түзетіп, мәтінді түзету енгізді, онда олар XRVision-нен қате үшін кешірім сұрады.

Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер
Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер

The Washington Times мақаласының тақырыбы: дейін (сол жақта) және кейін (оң жақта)

Пікір: АҚШ Капитолийіне шабуыл жасаған мүйізі бар тері баскиіміндегі адам – ​​«Антифа бандиті» және Black Lives Matter қозғалысына қатысқан.

Әлеуметтік желілердегі хабарлама

Үкім: Фейк

Шындығында, Джейк Анжели деген атпен танымал адам – Трамп пен QAnon қастандық қозғалысының жақтаушысы және Антифамен ешқандай байланысы жоқ.

Капитолийге шабуыл жасаған күні болған оқиғаларды бақылайтын болсаңыз, онда бұл адамды байқаған боларсыз.

Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер

Әлеуметтік желілерде Капитолий шабуылына қатысқан бұл адам, іс жүзінде, Антифаны қолдағаны туралы ақпарат таралып жатыр. Мұны қолдай отырып, посттарға сол адамның 2020 жылдың жазында өткен Black Lives Matter наразылық акциялары кезінде түсірілген фотосуреті қоса беріледі, бұл, әрине, ешнәрсе дәлелдемейді.

Кейбір бұқаралық ақпарат құралы суреттегі адамды мүйізі бар тері баскиімі, АҚШ жалауы түріндегі мейкап және қолындағы татуировкасы арқылы оңай тануға болатын Джейк Анжели (шын аты-жөні – Джейкоб Энтони Ченсли) екенін таныды. Ер адам Антифа мүшесі емес және BLM жақтаушысы емес. AZ Central журналисі Брианна Франк оқырманға 2020 жылдың мамыр айында Джейк Дональд Трамп пен Q-ға (QAnon-ға сілтемесі – автор ескертуі) алғыс білдірген видеоны еске түсірді.

Сол кезде Франк Ченслиден қысқа сұхбат ала алды.

https://twitter.com/brieannafrank/status/1257736599170736128

Бұл адам 2020 жылғы қарашада өткен президент сайлауынан кейінгі наразылық акцияларында да көрінді. Фотосуреттерден оның қолында тақта ұстап тұрғанын көруге болады. Тақтаның бір жағында «Патриоттар қатарын сақта, Құдай жеңеді», ал екінші жағында «Мені Q жіберді» деп жазылған.

Пікір: CNN Антифа Капитолийдегі шабуыл жауапкершілігін мойнына алды деп хабарлайды.

Әлеуметтік желілердегі хабарлама

Үкім: Фейк

Ұйым шабуыл жауапкершілігін мойнына алған мәтін CNN жаңалықтар бағдарламасының скриншотына енгізілген.

Әлеуметтік желіде CNN Антифа Капитолийдегі оқиғаларға жауапкершілікті мойнына алды деп хабарлаған фотосурет тарай бастады. Белгілі болғандай, іс жүзінде сурет өзгертілген. Бұл туралы Reuters фактчекинг тобы хабарлады.

Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер
Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер

Сол жақта – фейк, оң жақта – түпнұсқа

Өзгертілген суреттегі қаріп CNN қолданатын дәстүрлі қаріпке сәйкес келмейтіні байқалады. Мәтінде responsibility и Capitol сөздеріндегі екі қатені көруге болады. Іс жүзінде жаңалықтар былай болған: «Президент сайлауы: Конгресс дауыс санап жатыр».

Айта кету керек, Антифаның күмәнді дәлелдерге қатысы туралы көптеген айыптау болды. Біз олардың ішіндегі ең танымалдарына назар аудардық.

Жоғарыда келтірілген талдаулардан басқа Капитолийге шабуыл жасамас бұрын, дәл сол адамдар Дональд Трамп сөйлеген Ақ үй жанындағы митингіге қатысқанын айта кету керек. Трамп жақтастарын Капитолийге қарай шығуды жеке өзі ұсынды. Ал ғимарат жаулап алынған кезде, ол оларға үндеу жариялап, үйге бейбіт түрде тарауды өтінді. Сондықтан олардың оқиғаға қатысуы туралы сұрақ қою қиын.

Айта кету керек, наразылық білдірушілер көп болды, әрқайсының жеке басын анықтау мүмкін емес. Дегенмен Трамп жақтастары Капитолийге шабуыл жасау түрткісі болды, өйткені олар сайлаушылар дауысын санау процесін тоқтатқысы келді. Барлық шабуылды басқа қозғалыс ұйымдастырды деген мәлімдеме оқиғаның логика тізбегіне сай келмейді.

Пікір: Вице-президент Майк Пенс қамауға алынды.

Әлеуметтік желілердегі хабарлама

Үкім: Фейк

Майк Пенсті ешкім қамауға алған жоқ. Ол шабуыл кезінде Капитолийде болған және оны полиция қауіпсіз жерге шығарған. Пенстің Twitter-дегі белсенділігіне қарап, оның қамауда еместігін білуге ​​болады, өйткені тұтқындарға әдетте әлеуметтік желілерді пайдалануға рұқсат етілмейді.

Көңіл көтеру үшін бір күлкілі әңгімені қоса кетейік.

Пікір: Симпсондар мультфильмі Капитолий шабуылын және мүйізі бар тері баскиіміндегі ер адамның пайда болатынын болжаған.

Әлеуметтік желілердегі хабарлама

Үкім: Фейк

Бәрі фотосуреттен басталды.

Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер

Бірақ ол өңделген. Зейінді адамдар суретке Симпсондар отбасы мен мүйізі бар тері баскиіміндегі бағбан Вилли салынғанын байқады. Оның үстіне, Вилли бейнесінің (қолында жалаушасы бар) өзі өңделген. Бағбан Симпсондардың бірде-бір эпизодында мүйізі бар тері баскиімін киген жоқ. Вилли бейнесі Simpsons Tapped Out мобайл ойынындағы басқа суретке негізделген.

Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер
Шолу | Капитолийге шабуылға қатысты туралы фейктер

Сол жақта – фотошоптан кейінгі Вилли, оң жақта – түпнұсқадағы Вилли

Әрі қарай не болды?

14 қаңтарда АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасы болған оқиғаларға байланысты Дональд Трампқа импичмент жариялағаны белгілі болды. 232 конгрессмен импичмент жариялауға, 197 конгрессмен оған қарсы дауыс берді. Мәселе Сенатта қаралуы керек. Трамп АҚШ тарихында екі рет импичмент жарияланған алғашқы президент болды.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz