Навальный колонияда аштық жариялады

«Ив Роше» ісі бойынша Ресей колониясында жазасын өтеп жатқан саясаткер Алексей Навальный аштық жариялап, дәрігерге қаралуды талап етті. Бұл туралы BBC сайты хабарлады.

Менің кінәм жоқ болса да әр сотталушының тексерілуге және кеңес алу үшін маман шақыруға құқығы бар. Сондықтан маған дәрігер жіберуді талап етемін. Әзірге бұл талап орындалмағасын аштық жариялаймын.

Навальныйдың туиттер парақшасында жарияланған хабарлама

Бұған дейін ресейлік оппозиционер денсаулығының күрт нашарланғанын айтқан. Навальныйдың айтуынша, колония әкімшілігі медициналық көмек көрсетпейді. Сонымен қатар, түн ұйқысын бұзып шамамен 8 рет оятады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz