Ирландияда WhatsApp желісіне 225 млн еуро айыппұл салынды

Ирландияның деректерді қорғау жөніндегі комиссиясы WhatsApp желісіне 225 миллион еуро айыппұл салды. Бұл туралы Еуропалық деректерді қорғау кеңесінің сайтында хабарланды.

Комиссияның хабарлауынша, WhatsApp қолданушылардың жеке ақпаратын және оны қалай қолданып жатқанын нақты көрсетпеген.

Комиссия шешімі бойынша, WhatsApp әкімшілігі қолданушыларға ақпараттың тек 41%-ын және пайдаланушы ретінде тіркелмеген адамдарға ешқандай ақпарат ұсынбаған. Реттеуші мұны “өте маңызды ақпараттың тапшылығы” деп атады.

Сонымен қатар, желі қолданушылардың дерегі Facebook-ке қалай жіберілетінін “жеткіліксіз түрде түсіндірді” деп шешті.

Reuters дерегінше, WhatsApp Ирландияның айыппұл салу жайлы шешіміне келіспейді. Сонымен қатар, шағымданатынын хабарлады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz