Фактчек | Смайлов тиімсіз жоспарланған 1,8 трлн теңге туралы

14 cәуірде мәжілістің кезекті жалпы отырысында Қазақстан халық партиясы депутаты Ерлан Смайлов Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смайыловқа сауал жолдады. Ол өзінің сауалында бюджет қаражатынан 1,8 трлн теңге тиімсіз жоспарланғаны туралы айтты. Factcheck.kz депутат мәлімдемесін ресми дерекпен салыстырып, тексеріп көрді.

Есеп комитетінің ақпараты бойынша 2020 жылы бюджет қаражатын пайдалануды тиімсіз жоспарлауға байланысты бұзушылықтар 1,8 трлн теңгені, ал қаржылық бұзушылықтар 81 млрд теңгені құрады.

Ерлан Смайлов

Үкім: Шындық

Расымен Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің ресми сайтында 2020 жылы бюджет қаражатын пайдалануды тиімсіз жоспарлауға байланысты бұзушылықтар 1,8 трлн теңгені, ал қаржылық бұзушылықтар 81 млрд теңгені құрағаны көрсетілген. Яғни, 1,8 трлн теңге тиімсіз жоспарланып, пайдаланылған.

Фактчек | Смайлов тиімсіз жоспарланған 1,8 трлн теңге туралы
Есеп комитетінің ресми сайтындағы инфографика
Фактчек | Смайлов тиімсіз жоспарланған 1,8 трлн теңге туралы

Контекст

Жүргізілген аудит қорытындысы бойынша 97 лауазымды адам тәртіптік жауапқа, 44 лауазымды (жеке) тұлға және 11 заңды тұлға әкімшілік жауапқа тартылды, 31 материал қылмыстық-жазалау әрекеті белгілерімен құқық қорғау органдарына жолданды. Сонымен қатар, ресми дерекке сай пандемия уақытында 310 млрд теңге тиімсіз пайдаланылған.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz