Фактчек | Өзбекстан дәрігерлері коронавируспен күрескені үшін қанша алады?

Covid-19 вирусының жылдам таралуына байланысты Whatsapp және Telegram чаттарында жалған ақпарат жиі бөлісілуде. Фейк хабарламар көбіне адам эмоциясына бағытталады және сіз соның әсерінен қандай да бір әрекет жасайсыз.

Оқырмандардың өтініші бойынша Өзбекстанда коронавирус уақытында дәрігерлерге бөлінетін төлемнің қаншалықты рас екенін тексеріп шықтық.

Желі топтарында тараған жазба:

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев эпидемия уақытында ай сайынғы төлемдер енгізді (ауру жұқтырғандармен байланыста болғандар):
Дәрігерлер – $2.600
медбикелер – 51,500
санитарлар – 81,000
жұқтырған жағдайында – $ 10,000

Жұмыс уақытында коронавирусты жұқтырып, денсаулығын қалпына келтіре алмай жатқан дәрігерлерге 26000 доллар төленеді.

Үкім: Шындық және техникалық қате

Расымен, Мирзиёев эпидемиямен күресу кезеңінде дәрігерлерге айлық төлем енгізді. Бірақ хабарламадағыдай мөлшерде емес.

Өзбекстан президентінің ресми сайтында: карантин кезеңінде коронавируспен ауыратын науқастармен байланыста болған дәрігерлерге, эпидемиологтарға ай сайын 25 млн сом ($ 2,5 мың) ынталандыру төлемдері төленеді. Медбикелер мен зертханашыларға – 15 млн сом ($1,5 мың), санитарларға – 10 млн сом ($ 1 мың), өзге қызметкерлерге – 5 млн сом ( $ 500).

Өзбекстан президенті коронавирусты жұқтырған адамдармен жұмыс жасап, өздеріне жұқтырған медицина қызметкерлеріне 100 млн сом (10 мың доллар) бөлек төленеді деп мәлімдеді.

Қазақстандағы жағдай қалай?

29 наурызда Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев эпидемиямен күресіп жатқан дәрігерлерге сыйақы төлеу қажеттігі туралы хабарлап, қанша мөлшерде бөлінетіні дүйсенбі жарияланатынын айтты. Бұл туралы президент Twitter-де жазды.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz