ЖАЛҒАН Алматыда қатерлі ісікке шалдыққандар өлімі 12,9%-ға артқан

6 қыркүйек күні «Өскемен қаласының экологиялық мәселелеріне қатысты депутаттық сауал» жарияланды. ҚР Премьер-министрі Бақытжан Сағынтаевқа жолданған сауалдың авторы – Мәжіліс депутаты Артур Платонов. Бірқатар ақпарат құралдары депутаттық сауалда келтірілген ақпараттар негізінде өз материалдарын жариялады. Ал түпнұсқа мына жерде:

Онкозаболеваемость в Казахстане и Алматы
Скрин parlam.kz сайтынан

Мәжіліс депутаты келтірген көрсеткіштер назар аудартқандықтан, тексеріп көрген едік. Нақтырақ айтқанда, депутаттық сауалда Алматы қаласында қатерлі ісікке шалдыққандар саны артып отырғаны, 2016 жылмен салыстырғанда, 2017 жылы өлім көрсеткіші 12,9%-ға артқаны келтірілген.

Үкім: Жалған

«Алматы онкология орталығы» ШБҚ МҚК ұсынған ақпараттарға сүйенсек, 2016 жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда, 2017 жылдың 8 айында қатерлі ісіктен көз жұматындардың үлесі 2,6%-ға артқан.

смертность от онкозаболеваний в Алматы

Сонымен қатар, Артур Платонов «Қазақстанда күн сайын жаңадан жүзге жуық қатерлі дертке шалдығу оқиғасы тіркеледі» деп мәлімдеген болатын.

Үкім: Жартылай шындық

Депутаттың айтып отырғаны біршама шындыққа жақын. 2016 жылы Қазақстан бойынша қатерлі ісікке шалдығу көрсеткіші 100 мың адамға шаққанда 199,1 болған.

Показатели по онкозаболеваемости в Казахстане

Деректер ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің сайтынан алынды, дереккөз: 2017 жылғы 3 наурызда жарияланған «Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі кеңейтілген алқасының аналитикалық материалдары».[/caption]

2016 жылдың соңында Қазақстан халқының саны 18 миллионға жуықтады деп есептесек (Ескерту: 2016 жылдың қыркүйек айында ел халқының саны 17962850 адам болған), дертке шалдыққандар саны шамамен 35838 адам болған.

18млн/100мың*199,1=35838

Платоновтың мәлімдемесінен түсінетіндей 36500 адам емес, дегенмен соған жақын. Мұндайда «күн сайын тіркеледі» деп статистиканы жалпылау қаншалықты дұрыс екенін айту қиын, дегенмен, депутаттың айтқаны расында да шындыққа жақын.