Вирус недоверия | COVID-19 пандемиясы жайлы деректі фильм жарыққа шықты

31-канал “Вирус недоверия” атты деректі фильмін түсіріg. көпшілік назарына ұсынды. Мұнда пандемия әлемде басталғаны және мұнымен қалай күрес жүргізілгені жайлы айтылады.

Деректі фильмде MediaNet халықаралық журналистика орталығының директоры және Factcheck.kz сайтының негізін қалаушы Әділ Джалилов бұған дейін эпидемиямен ғылымның арқасында күрескенін айтты.

Бұдан бөлек, деректі фильмде Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов пандемия кезінде фейк ақпараттың кеңінен тарағанын айтты.

Асхат Аймағамбетовтың айтуынша, мектеп оқушыларының, университет, колледж студенттерінің сыни тұрғыдан ойлау жүйесін және фейк ақпаратты ажырату қабілетін жүйелі түрде шара қолданып дамыту өте маңызды.

Деректі фильмді мына сілтемені басып көре аласыздар.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz