Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім

Алматы — үнемі үлкейіп жатқан, халық көп тұратын мегаполис. Ұлттық статистика бюросы дерегіне сәйкес, 2022 жылғы желтоқсандағы жағдай бойынша Алматыда 2,15 млн адам тұрады. Мұндай өсім кезінде балабақша мен мектептен бөлек, медицина мекемелері де қолжетімді жерде көбірек жұмыс істеуі керек. Қала әкімі Ерболат Досаев та бұл пікірмен келіседі. 2022 жылғы желтоқсанның басында Медеу ауданы тұрғындарымен кездесуде ол Алматы әкімдігі жыл соңына дейін Кеңсай, Көлсай, Сұлусай және Алатау шағын аудандарындағы денсаулық сақтау объектілерін пайдалануға береді деп хабарлады.

Кеңсай шағын ауданында осы жылдың аяғына дейін күніне 120 келушіні қабылдай алатын жаңа отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға беріледі. Халыққа көрсетілетін медициналық көмектің жақын орналасуын қамтамасыз ету үшін Көлсай мен Сұлусай аудандарында жыл аяғына дейін демеушілер қаржысына салынған фельдшерлік-амбулаторлық пункт ашылады. Алатау шағын ауданындағы мемлекеттік аурухана территориясында компьютерлі томография модульді орталығы салынып жатыр. Объектіні осы жылдың аяғына дейін пайдалануға беру жоспарланған. 

Ерболат Досаев

2023 жылдың ақпан айының басында Factcheck.kz журналисі Кристина Опёнкова осы төрт шағын ауданға барып, мегаполис әкімдігі жергілікті тұрғындарға медициналық қызмет көрсету мәселесін қаншалықты шеше алғанын тексеріп көрді. 

Үкім: Ішінара орындалды

Қазіргі таңда Кеңсай шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория пайдалануға берілген. Алатау ауданындағы компьютерлі томография модульді орталығы санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының рұқсатын күтіп отыр. Көлсай ауданындағы фельдшерлік-амбулаторлық пункт қаңтар айының ортасында ашылған, бірақ іс жүзінде ол 2019 жылдан бері жұмыс істеп тұр және біршама уақыт жөндеу жұмыстарына байланысты жабық болған. Алматы әкімдігі баспасөз қызметі берген мекенжай бойынша Сұлусай ауданындағы фельдшерлік-амбулаторлық пунктіні таба алмадық. Шағын ауданда 2016 жылдан бастап бір  фельдшерлік-акушерлік пункт жұмыс істеп тұр. 

Отбасылық-дәрігерлік амбулатория, Кеңсай

Жалпы тәжірибе дәрігері Алмас Есімбековтің сөзінше, Кеңсай шағын ауданындағы отбасылық-дәрігерлік амбулатория 2023 жылғы қаңтар айының ортасында пайдалануға берілген. Осылайша объект Досаев айтқан мерзімде ашылмаған. Десе де, қала әкімдігінің баспасөз қызметі дедлайнның ақпан айының басына шегерілгенін атап өткен. 

Қазір шағын аудан тұрғындары дәрігерлік амбулаторияға Шоқай, 224 көшесі бойынша барып, онда жалпы тәжірибе дәрігері, гинекологқа жазылып, скринингтен өтіп, қанның биохимиялық анализін тапсырып, система мен инъекция ала алады. 

  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім

Фельдшерлік-амбулаторлық пункт, Көлсай

Көлсай шағын ауданындағы фельдшерлік-амбулаторлық пункт те 2023 жылғы қаңтардың ортасында Қойгелді батыр, 103 мекенжайы бойынша ашылған. №5 қалалық клиникалық аурухана бас дәрігерінің орынбасары Әмина Әбдірахманованың сөзінше, пункт 2019 жылы пациент қабылдай бастаған. Бірақ 2022 жылы оны жөндеу жұмыстарына жапқан. Әбдірахманова құрылыс-монтаж жұмысын №5 қалалық аурухана қаржыландырғанын, ал жылу Медеу ауданы әкімдігі есебінен қосылғанын хабарлады. Қазіргі таңда пункт қызметкері Маржан Қабдулдина пациенттерді қабылдауға жазу үшін компьютер мен тонометр күтіп отыр. 

  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім
  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім

Фельдшерлік-амбулаторлық пункт, Сұлусай

Алматы әкімдігі баспасөз қызметі ұсынған ақпарат бойынша, Сұлусай ауданындағы фельдшерлік-амбулаторлық пункт Іңкәрдария, 10 көшесінде орналасқан. Бірақ бұл мекенжай бойынша медициналық мекеме таба алмадық. Шағын ауданда жалғыз фельдшерлік-акушерлік пункт бар, ол Іңкәрдария, 7а/1 көшесінде орналасқан. Бұл пунктте инъекция салады, система қояды, қан қысымын өлшейді, алғашқы медициналық қызмет көрсетеді, сәбилердің салмағын өлшеп, екпе салады. Желіден кілт сөз бойынша іздегенде шыққан ақпарат пункттің 2016 жылы Алматы әкімдігі мен «Koktem Group LTD» компаниясы арасындағы мемлекеттік-жекеменшік серіктестік арқылы ашылғанын көрсетеді. 

  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім
  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім
  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім
  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім
  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім

Компьютерлі томография модульді орталығы, Алатау

Компьютерлі томография модульді орталығы Алатау мемлекеттік ауруханасы жанында орналасқан. Медициналық мекеме бас мейірбикесі Назилә Махпированың сөзінше, модульді орталық құрылысы 2022 жылғы қазан айында басталып, желтоқсанның аяғында құрал-жабдықтар енгізілген. Бірақ қазір аурухана пациенттерді қабылдап жатқан жоқ. Қызметкерлер Медеу аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының қорытындысы санитарлық ережелерге сай екенін растаған құжатын күтіп отырған көрінеді. 

  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім
  • Уәделерді қадағалау | Е. Досаев және Алматыдағы денсаулық сақтау объектілер құрылысы — I бөлім

Алматы әкімдігі баспасөз қызметі медициналық объектілердің телефон нөмірлері Медеу ауданы әкімдігінің әлеуметтік желілерінде жарияланатынын айтты. 

Оқи отырыңыз

Factcheck.kz