Covid-19 вирусы әлемнің 186 мемлекетінен табылды. Вируспен әр мемлекет өзінше күресуде. Вирус жылдам тарап жатқан мемлекеттің бірі – Түркия. Ресми дерекке сүйсек, Түркияда коронавирус жұқтырғандар саны – 670-ке жетті. Әлеуметтік желілерде, оның ішінде Instagram-да Түркия билігінің коронавирусқа байланысты жасап жатқан іс-әрекеттері, Ердоғанды мадақтаған посттар тарап жатыр. Factcheck.kz оқырмандардың сұранысы бойынша желіде таралған ақпараттың рас-өтірігін тексеріп көрді.
Тұрғын-үй салығы қарашаға дейін есептелмейді
Үкім: Шындық
18 наурызда Түркия Президенті Реджеп-Тайып Ердоған коронавирустың жаңа түріне қарсы күрес аясында өткізген жиынында жұртшылық үшін қабылдаған шешімдерлі жариялады. Оның ішінде тұрғын-үй құрылыс салығын қарашаға дейін есептелмейтінін мәлімдеді.
Мәлімдеме кейін Түркия Президентінің ресми сайтында жарияланды.
Мұқтаж отбасыларға ақшалай көмек ретінде қосымша 2 миллиард лира бөлінеді
Үкім: Шындық
Түркия Отбасы, еңбек және әлеуметтік саясат министрлігінің ресми сайтында тұрақты әлеуметтік көмек алатын 2 млн отбасы 1000 лира қаржылай көмек алады. Осы үшін мемлекеттен арнайы 2 млрд лира бөлінді делінген.
Министр Зехра Зюмрюттің айтуынша мұның барлығы “экономикалық тұрақтылық” пакеті аясында жүзеге асады және наурыз айының аяғында беріле бастайды
Бөлшек сауда, металлургия, сауда орталықтары, автомобиль жасау, логистика, көлік, кинотеатрлар, қонақ үйлер, тамақ өнімдерін өндіру, тоқыма, киім және іс-шараларды ұйымдастыруға байланысты ай сайынғы салықтар мен Қосымша құн салығы (ҚҚС) 6 айға шегеріледі
Үкім: Шындық
Түркия Президентінің ресми сайтында коронавирусқа байланысты жүзеге асырылатын іс-шаралардың тізімінде (бөлшек сауда, металлургия, сауда орталықтары, автомобиль жасау, логистика, көлік, кинотеатрлар, қонақ үйлер, тамақ өнімдерін өндіру, тоқыма, киім және іс-шараларды ұйымдастыруға) байланысты сәуір, мамыр, маусым айындағы салықтар мен Қосымша құн салығы 6 ай бойы алынбайды деп жазылған.
Ең төменгі зейнетақы 1500 лираға көтеріледі
Үкім: Шындық
Түркия Президентінің ресми сайтында коронавирусқа байланысты жүзеге асырылатын іс-шаралардың тізімінде ең төменгі зейнетақы мөлшері 1500 лираға көтеру туралы бөлім бар. Сонымен қатар, зейнеткерлерге сәуір айының басында мерекелік бонус төлейтіні жазылған.
Осы 3 ай аралығында ішкі әуе рейстерге салынатын ҚҚС (қосымша құн салығы) 18 пайыздан 1 пайызға төмендетіледі
Үкім: Шындық
Түркия Президентінің ресми сайтында коронавирусқа байланысты жүзеге асырылатын іс-шаралардың тізімінде әуе рейстеріне салынатын қосымша құн салығы 3 ай аралығында 18 пайыздан 1 пайызға төмендетілетіндігі жазылған.
Сонымен қатар, қалған мәлімдемелер де Түркия Президенті Ердоғанның айтқан сөздерімен сәйкес келеді. Мәлімдемелердің жалғасы:
- Түркия Банктері 3 ай қарыз мен пайыздық төлемдерді кідіреді әрі қажет болған жағдайда қосымша қаржылық көмек көрсетіледі;
- Экспорттаушы компанияларға уақытша баяулауға байланысты қаржылай көмек көрсетіледі;
- Halkbunk-та несиесі бар кәсіпкерлерге (олардың өтініші бойынша) негізгі қарыз бен пайыздарын 3 ай (сәуір, мамыр және маусым) кейінге қалдыру;
- Кредиттік кепілдіктердің лимиттік қорын 25 млрд лирадан 50 лираға көтеру;
- Әлеуметтік мақсатта берілетін несие пакеттерін азаматтарымыз үшін тиімді шарттарда енгізуді ынталандыру.
Түркия Президенті Ердоғанның коронавирусқа байланысты айтқан мәлімдемелерінің толық тізімін мына сілтемеден қарасаңыздар болады.
Контекст
Түркияда коронавирус алғаш рет 11 наурызда анықталған. Қазір Түркия коронавирусқа байланысты Денсаулық сақтау министрлігінде қосымша сайт ашылып, ол жерде барлық министрліктердің атқарып жатқан жұмыстары жазылған.