Шындық | Қазақстанда Испан шырышы тарап жатыр

Апдейт, 03.09.2020: біздің жіберген хатымызға қатысты Орман шаруашылығы және жануарлан дүниесі комитеті Іле-Алатау Мемлекеттік ұлттық табиғи паркі аумағында жүргізілген орман патологиялық жұмыстарының нәтижесінде “Испан шырышы” ошақтары анықталмағанын хабарлады. Комитеттің айтуынша карантиндік зиянкестерге бақылау жүргізіліп отырады.

Соңғы кезде Қазақстанға Arion vulgaris немесе “Испан шырышының” кеп жатқаны туралы хабар әлеуметтік желідегі жұртты біраз шулатты. Кей азаматтар бұл жәндікті Алматы тауларында көргенін айтады. Біз мұның рас-өтірігін анықтап көрдік.

Шындық | Қазақстанда Испан шырышы тарап жатыр
Ел арасында тараған суреттердің бірі

Үкім: Шындық

ҚР экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы комитетінің өкілі Серік Айдабосын бұл ақпаратты растады. Оның айтуынша “Испан шырышы біздің елімізге басқа мемлекеттерден келген аса қауіпті зиянкес” және мұндай жағдай Қазақстанда тұңғыш рет кездесіп отыр. Бірақ әзірше шырыштардың саны аз. С. Наурызбайұлы биологиялық талаптарға сай жұмыс істеліп, шырыштарға қатысты мониторинг жүргізілетінін айтты.

Бұған дейін Ресейдің Мәскеу қаласында осыған ұқсас шырыштардың қаптап кеткені туралы хабар тараған. Ел арасында жүрген суреттегі жәндіктердің шынымен-ақ Arion vulgaris-ке ұқсайтынын байқауға болады. Бұлар көбіне көшеттер арқылы елден-елге тарайтындықтан, Қазақстанға кездейсоқ келуі мүмкін.

Коричнево-черный вариант темной фазы. Антрим, графство Антрим, Ирландия.
Қоңыр және қара Arion vulgaris.
Рой Андерсон
Красная форма темной фазы, в связке. Обратите внимание на темный основной пигмент в пневостоме (отмечен стрелкой). Хонау, Швебахер Альб, Германия.
Arion vulgaris-тің қызғылт формасы.
Рой Андерсон

Arion vulgaris -тің таралуы

Испан шырышы туралы алғашқы дерек Францияда 1855 жылы тіркелген. Кейін Arion vulgaris сол елдің орталық және оңтүстігінен халықаралық сауда арқылы тарады. Қазір оны орталық, солтүстік және шығыс Еуропаның көп бөлігінде кездестіруге болады. Барған жеріне тез бейімделген ол жергілікті Arion rufus, Arion ater сынды ірі арионидтерді жартылай алмастырып үлгерді. Қазір сол аймақтарда елеулі зиянкестерге айналған.

CABI халықаралық ұйымына қарайтын ISC ресурсы Arion vulgaris енді Балтық жағалауы мен Ресейге, солтүстікке және шығысқа қарай таралуы мүмкін екенін жазған (Соңғы өзгертілім 2019 жылдың 29 қарашасы). Бұған дейін Еуропадан тыс Фолкленд аралдарында пайда болғаны туралы хабар тараған. Бірақ қолданылған үлгі (Шырыш) қатты зақымдалғандықтан бұл хабар расталмады. Бұған қатысты АҚШ-тағы Корнелл университетінің де ресми дәлелденбеген есебі бар.

Зияны

Arion vulgaris – әр түрлі өсімдік дақылдарының (салат, асқабақ тұқымдары), көкөніс көшеттерінің, сәндік өсімдіктердің, аласа жемістердің (құлпынай) және Орталық Еуропа бақтарындағы шөптердің зиянкесі. Олар қаптаса арты ылғи да көп шығынға алып келеді. Егістік дақылдарының алғашқы кезеңінде (өсіп шыққан соң немесе отырғызғаннан кейін) өсімдіктерді толығымен жейді я болмаса елеулі зақым келтіреді.

Lettuce damaged by A. vulgaris (a) and undamaged (b).
Испан шырышының жеп кеткен өсімдігі(а) және ол тимегені(b).
Швейцария, Б. Шпайзер

Бұл жәндікпен қоректенетін табиғи қарсыласы туралы ақпарат жоқ. Яғни мұндай жануардың болмауы шырыштардың тез тарауына мүмкіндік береді. Шырыштар басқа жерге көп жағдайда өсімдіктер арқылы кездейсоқ барады.

Arion vulgaris жабайы өсімдіктер мен ағаштардағы дефолиацияның (ағаш жапырақтарының түсуі) негізгі себебі болуы мүмкін. Алайда, бұл ықпал қысқа мерзімді болуы да ықтимал және дефолиация дәрежесі жергілікті экологиялық факторларға байланысты.

Шатастыруыңыз мүмкін

Arion vulgaris пен Arion rufus-ты шатастырып алмау маңызды. Себебі олар бір-біріне қатты ұқсайды. Екеуін ажыратудың сенімді әдістеріне мыналар жатады:

  • vulgaris-тің ересектерінде проксимальды жыныс мүшелерінің диссекциясы бар;
  • белгілі анықтамалық материалдар негізінде ITS1 жүйелеу деректерін қолдану арқылы анықтауға болады.
  • Шағылысу кезінде алмасатын сперматофорлар жоғары диагностикалы боп келеді, бірақ оған қол жеткізу қиын.

Қалай сақтанамыз?

Биотехнологиялық ақпарат ұлттық орталығына (NCBI) зерттеу материалын жариялаған ғалымдар Еуропа елдерінде шырыштармен қалай күресетінін жазады.

Ұлулар мен ұлу типтестер көбіне бау-бақшада зиянсыз боп келсе, кейбірі жеке бақшалар мен ауыл-шаруашылығында үлкен шығындарға апаруы мүмкін. Оның үстіне Arion vulgaris Еуропа аумағындағы 100 агрессивті жәндіктер қатарына кіреді. Оның шығу тегі қазірге дейін түсініксіз. Олардың көбейіп-азаюына қыстың суық күндері және көктем мен жаздың жаңбыры әсер етеді.

Бұл күрес шаралары шылаушын сынды басқа организмдерге де әсер етуі мүмкін. Ал олар өз кезегінде өсімдіктердің шылаушындарға деген сезімталдығын арттырады.

NCBI

Қазір нарықта бұл шырыштармен күреске арналған көптеген таңдаулар бар: олардың ішінде жиі қолданылатыны – шырыш түйіршіктері. Оның құрамында белсенді метальдегид немесе темір фосфаты-III, сонымен қатар паразиттік немтодтар пайдаланылады.

Ескерту! Біз үкімді ҚР экология, геология, және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы комитетінің өкілі Серік Айдабосынның бізге берген ресми жауабы негізінде қойдық.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz