Президенттер вакцинациядан бас тартқаны үшін өлтіріліп жатыр ма?

Әлеуметтік желілерде елінің азаматтарына вакцинация жасаудан бас тартып, сол арқылы өзіне өлім жазасын кескен бес мемлекет басшысының есімі тарап жатыр. Тарап кеткен пост авторлары қайтыс болған президенттерді құрметтеу керек екенін, себебі олар халықаралық фашистер бандасына қосылмай, өз өмірін сақтау үшін оларға сатылмай халқын аман алып қалды деп жазған. Мұндай «қаһармандардың» қатарында Бурунди, Кот-д’Ивуар, Свазиленд (Эсватини), Танзания мен Гаити президенттері бар. Кейінгісін өлтіріп кеткеннен кейін мұндай посттар Facebook-та ағылшын тілінде тарап кетті. FactCheck.kz танымал посттағы деректерді тексеріп шықты.

Президенттер вакцинациядан бас тартқаны үшін өлтіріліп жатыр ма?
Тараған посттың скриншоты

Вакцинациядан бас тартқан елдер мен олардың өмірден өткен президенттерінің тізімі:
Магуфули, 61 жас, Танзания 17 наурыз 2021 жыл.
Бакайоко, 56 жас, Кот-д’Ивуар 10 наурыз 2021 жыл.
Дламини, 52 жас, Свазиленд 13 желтоқсан 2020 жыл.
Нкурунзиза, 55 жас, Бурунди 8 маусым 2020 жыл.
Моиз, 53 жас, Гаити, 7 шілде 2021 жыл.

Үкім: Манипуляция және жалған

Манипуляция мынада: Біріншіден, аты аталған тұлғалардың біразы сол сәтте елінің президенті қызметінде болған жоқ. Екіншіден, олардың өліміне коронавирусқа қарсы иммундау туралы пікірі себеп болды дегенге ешқандай дәлел жоқ.

Жалған мынада: жоғарыда айтылған елдердің тек екеуінің басшылары COVID-19-ға қарсы вакцинаның тиімсіз екенін мәлімдеген.

Джон Магуфули

Джон Магуфули 2015 жылы Танзания президенті болып сайланып, 2021 жылдың 17 наурызында осы қызметті істеп жүрген кезінде қайтыс болды. Ресми мәлімет бойынша, мемлекет басшысын бірнеше жылдан бері жүрек ауруы мазалап, содан көз жұмған.

Ел билігі вакцинацияны емес, коронавирусқа қарсы күресетін басқа тәсілдерді дұрыс деп тапқан. Мәселен, жидектерден әзірленген тұнба немесе булау әдісі. Сондай-ақ Магуфули коронавирус жұқтырмас үшін дұға жасауға шақырып, ел толығымен инфекциядан таза деп мәлімдеген. Ел билігі жұқтырғандар саны мен қайтыс болғандар туралы дерек жариялаған жоқ.

Амед Бакайоко 

Амед Бакайоко 2020 жылдың 30 шілдесі мен 2021 жылдың 8 наурызы аралығында Кот-д’Ивуардың премьер-министрі қызметінде болды. Ол 2021 жылдың 10 наурызында бауырдың қатерлі ісігінен мерт болды.

Ел билігі COVAX бастамасы аясында COVID-19-ға қарсы вакцинация кампаниясына алғашқылардың бірі болып қосылды. Ол кезде Бакайоко тірі болатын. Қазіргі күні елде 800 мыңнан аса азамат коронавирусқа қарсы вакцинаның кем дегенде бір дозасын алды.

Президенттер вакцинациядан бас тартқаны үшін өлтіріліп жатыр ма?

Амброз Мандвуло Дламини

2018 жылдан 2020 жылға дейінгі аралықта Дламини Эсватинидің (бұрынғы Свазиленд) премьер-министрі қызметінде болды. 2020 жылдың 13 желтоқсанында ол коронавирус жұқтырып қайтыс болды.

Ел билігі COVAX бастамасы аясында вакцинация кампаниясына қосылған. Дламинидің өзі бағдарлама мен вакцинация басталмай тұрып қайтыс болды. Эсватини әуелден бағдарлама тізімінде бар болатын.

Пьер Нкурунзиза

Бурунди республикасының президенті Пьер Нкурунзиза жүрегі тоқтап мерт болды. Премьер-министр президенттің қайтыс болу себебін мәлімдегеніне қарамастан, желі қолданушылары мемлекет басшысы коронавирустан қайтыс болды деп топшылады.

Нкурунзиза расымен вакцинацияға  қарсы шығып, халқын Жаратқан сақтайды деген пікірде болды.

Жовенель Моиз

Жовенель Моиз 2017 жылдан бері Гаити президенті болды. 2021 жылдың 7 шілдесінде оған қастандық жасалып, мерт болды. Гаити премьер-министрі Клод Жозеф ABC News басылымына берген сұхбатында президентті өз үйінде азаптап өлтірген деді.

Гаитидегі вакцинация қарқыны туралы мәлімет ашық дереккөздерде жоқ. Бұл елдің үкіметі бір кездері вакцинацияға қарсы шықты деген де дерек жоқ. Тек 2021 жылдың сәуірінде AstraZeneka вакцинасына қатысты дау-дамай болған кезде COVAX бағдарламасы аясында бұл вакцинаны қабылдай ма деген күдік болғаны туралы жанама дәлелдер бар. Сонымен, Гаити COVAX аясында вакцина алады, ал келісім Моиз қаза таппай тұрып жасалған болатын.

Мәлімдеме: Гаитиде [коронавирсутан болған] өлім саны Израильмен салыстырғанда 14 есе, Беларусь елімен салыстырғанда 7 есе аз. Бұл елдердің халық саны шамалас

Үкім: Манипуляция

Абсолютті сандармен салыстыру дұрыс емес. Егер коронавирустан болған өлім санын миллион адамға шағатын болса, деректер (2020 жылдың 1 наурызы мен 2021 жылдың 12 шілдесі аралығындағы) былай дейді: Беларусь пен Гаитиге қарағанда Израильде қайтыс болғандар саны көп болды, бірақ 2021 жылдың 26 мамырынан бастап Гаити Израиль статистикасын басып оза бастады. Дегенмен мұндай есептеу де дұрыс емес, себебі халықтың тығыздығы, климат, тестілеу санын есептеудің сапасы және осы сынды басқа да факторлар ескерілмейді.

COVID-19-дың расталған санына келер болсақ, көрсеткіш шынында Израиль мен Беларусьтен төмен. Дегенмен Гаити үкіметі біраз уақыт бойы коронавирус жұқтырғандар туралы мәліметті жарияламағанын еске саламыз.

Мәлімдеме: «Бұл елдердің бәрінде ковидпен ауырғандар болмады деуге де болады»

Үкім: Манипуляция және жалған

Манипуляция мынада: «Деуге де болады» деген сөздің астарында жұқтырған адамдардың болғанын, бірақ айтарлықтай көп емес екенін түсінуіміз керек. Бурунди, Гаити мен Кот-д’Ивуарда жұқтырғандар саны басқа елдермен салыстырғанда көп емес екені рас, олар әлемде жұқтыру дәрежесі төмен топ-22 елдің қатарына кіреді. Ал Свазиленд 119-дың ішінде 58-орында тұр.

Жалған: пост авторы тізімдегі барлық ел туралы мәлімдеме жасай алмайды, себебі Танзаниядағы эпидемиялық жағдай туралы дерек жоқ.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz