Манипуляция | Енді KFC-дің “Халал» сертификаты жоқ

Instagram және WhatsApp желілерінде кейбір қолданушылар  KFC мейрамханалар желісі туралы хабарлама таратуда. Автор 2018 жылдың 28 қаңтарында жарияланған Courthouse News Service сайтының материалына сілтеме береді.

Манипуляция | Енді KFC-дің “Халал» сертификаты жоқ

Үкім: Манипуляция

Мақала мәтініндегі мағына хабарламадағы мәтін мағынасына қарағанда  айтарлықтай өзгеше. Мәтінді тарату барысында өзгеріске ұшыраған.

Сілтеме беріп отырған сайттың өзі азаматтық сот істерінің нәтижесін көрсеткен және адвокаттар мен БАҚ-қа арналған, сонымен қатар мүлдем басқа оқиғаны баяндайды.

Автор сілтеме беріп отырған мақалада Чикагодағы бірнеше KFC мейрамханалар желісінің иесі Афзал Лохандвала KFC-ді халал сертификатына  сай деп жарнамалауын тоқтатқаны туралы айтылады. Сот тыйым салуының себебі, Лахандвала өнімді мұсылмандар арасында халал ретінде жарнамалай алмайды, себебі ол KFC-дің корпоративтік саясатына қайшы келеді. Бұл саясат бойынша желіні қандай да діни негізде жарнамалуға тыйым салынады.

Яғни тыйым халал өнімнің болу-болмауына байланысты емес, келісім-шарттың бұзылуына қатысты салынған. Сонымен қатар, сотта Лахандвала мәзірдің халал бөлігі үшін Islamic Society of Washington Area мақұлдаған тауық етін сатып алатыны айтылды, яғни ешқандай діни ережелерді бұзбаған. Афзал Лахандваланың өзі жарнамаға тыйым салғандықтан мейрамханаларының бір бөлігін жабуға тура келеді дейді, себебі, ол жерлерде тек мұсылмандар тамақтанады.

KFC өніміндегі тауық етінің пайыздық мөлшері мен онда шошқа етінің болуы – мүлдем шындыққа сәйкес келмейді. Желі халыққа тек тауық етінен жасалған өнімдерді ұсынады. Сонымен қатар «Ислам соты кеңесінің шешімімен лицензияны алу» туралы ақпарат та жалған, мұндай мекеме мүлдем жоқ.

Қазақстандық кейс

Тараған хабарламаның мәтініндегі жалған ақпаратқа қарамастан KFC өнімін, расымен, ҚМДБ (Қазақстан Мұсылмандар Діни Басқармасы) мақұлдамаған. Бірақ ҚХИА (Қазақстан Халал Индустрия Ассоциациясының) нұсқасы бойынша KFC халал стандарттарға сай келеді.

Дата-журналист, медиа-тренер. Изучаю журналистику и государственную политику. Целью в профессиональной деятельности является развитие казахстанского общества посредством борьбы против распространения ложной информации в период инфодемии и не только.

Factcheck.kz