Қазақстанның ірі қалаларына блок бекеттер қойылатыны рас па?

Мессенжерлер мен әлуметтік желілер арқылы Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалалары мен тағы бірнеше облыстар 14 желтоқсаннан бастап карантинге жабылатыны, көлік қатынасы баяулайтыны және санитарлық блок бекеттер орнатылатыны туралы ақпарат тарап жатыр. Factcheck.kz мұның рас-өтірігін анықтады.

Қазақстанның ірі қалаларына блок бекеттер қойылатыны рас па?
Халық арасында тараған ақпарат

Ақпаратты премьер-министрдің баспасөз қызметі жоққа шығарды.

Үкім: Манипуляция

Бұл хабар шындыққа жанаспайды және ақпарат өтірік. Қазақстанның қалалары мен облыстарына 14 желтоқсаннан бастап карантин шектеулерін енгізу жоспарланбаған. Біз Қазақстандықтарды шынайы ақпаратқа сенуге шақырамыз.

Премьер-министрдің баспасөз қызметі

Оның үстіне, бұл суреттің шындыққа келмейтін бірнеше тұсы бар.

Біріншіден, ел арасында тараған сурет тым жұпыны екенін көреміз. Әріптердің қисықтығы мен ресми тіл нормаларының сақталмауы ақпараттың шын екеніне күмән тудырады.

Екіншіден, мәтін соңында А. Маминнің аты-жөні мен мөр тұрғанын байқауға болады. Алайда тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте COVID-19-дың таралуына жол бермеу үшін “Қазақстан Республикасының аумағында шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді жүзеге асыру қағидаларын” бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер бекітеді.

Үшіншіден, мәтінде аталған қалалардың “қызыл түсте екенін” жазған. Алайда 10 желтоқсандағы дерек бойынша, “қызыл” аймақта Нұр- Сұлтан қаласы мен Павлодар облысы ғана орналасқан.

Қазақстанның ірі қалаларына блок бекеттер қойылатыны рас па?

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz