Бала және вакцина: Egu.kz сайты іске қосылды

Қазақстанда алғаш рет балаларға қатысты вакцина жайлы барлық қажетті ақпарат жинақталған ресми ресурс іске қосылды.

Ресми ресурста вакцинация күнтізбесі, вакцина салу орталығы, вакцина мен аурулар, мифтер және сұрақ жауап айдары бар. EGU.kz сайтында ата-аналар вакцинаның түрлері жайлы ақпаратқа қол жеткізіп, олардың қауіпсіздігін тексеру үшін барлық кезеңдері туралы біле алады. Сонымен қатар, мазалап жүрген сұрақтарға жауап ала алады.

Сайт, сонымен бірге, вакцинация тарихына қысқаша шолу жасайды және вакцинамен басқарылатын бірқатар жұқпалы ауруларды жеңу жолындағы адамзаттың алғашқы қадамдарын сипаттайды. Алдағы уақытта балаларды жоспарлы вакцинациялау туралы өзекті статистикалық деректермен толықтырылады.

Сайт қазақ және орыс тілдерінде қолжетімді. Көру қабілеті нашар адамдарға арналған нұсқа да бар.

«Вакцинация – ата-аналар үшін балаларын жұқпалы аурулардың ауыр зардаптарынан қорғаудың жалғыз, ең тиімді және баламасы жоқ әдіс. Egu.kz сайтында вакцинация туралы дұрыс, дәлелді және негізделген ақпаратты ала аласыз», – деді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығы басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева.

Контекст

  • Ресми ресурсты БҰҰ-ның балалар қоры (ЮНИСЕФ) Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетімен, сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен (ҚР ДСМ ҚДСҰО) және АҚШ Халықаралық даму агенттігінің (USAID) қаржылық қолдауымен әзірледі.
  • Бірнеше ай бойы MedSupport дәрігерлері мен ғалымдар тобы ЮНИСЕФ-пен бірлесіп қажетті деректерді іріктеп, ата-аналар мен Қазақстандағы иммундау тақырыбына қызығушылық танытатын адамдар үшін EGU.kz сайтының құрылымы, интерфейсі және контентін барынша қолайлы ету бойынша жұмыс жасады.

Төлепберген Маликов. Сулейман Демирел университетін журналистика мамандығы бойынша тәмамдаған. Азаттық радиосының Прагадағы бас штабында тәжірибеден өткен. 2018 жылдан бастап Factcheck.kz сайтында жұмыс істейді.

Factcheck.kz