Фейк | Құдай гені және дінге қарсы вакцина туралы «Билл Гейтстің Пентагон есебі»

Интернетте 10 жылдан бері әртүрлі форум мен діни пабликте Билл Гейтс соғыстың, қақтығыстың және террордың алдын алуға қолдануға болатын діни фанатизмге қарсы вакцина туралы хабарлаған видео жүр.

Видеодағы адам организмдегі Құдайға сенуге жауап беретін белгілі бір элементті «бейтараптандыратын» вакцина туралы айтады. Дәлірек айтсақ, видеодағы кейіпкер VMAT2 (vesicular monoamine transporter 2) немесе «Құдай гені» (God Gene) туралы және осы генді жоюға арналған FunVax вакцинасы туралы айтады. Кейінгі апталарда видео таралуының жаңа толқыны басталды, бұл видео TikTok-та белсенді таралып жатыр.

Үкім: Фейк

Видеода Билл Гейтс емес, ол 2005 жылы түсірілмеген де, уақыты 2011 жылдан ерте емес. Біздің кадрлардағы проекциялық деректерді талдау және Snopes әріптестерінің талдауы видеоның 2011 жылы түсірілгенін және ол сахналанғанын көрсетеді. Бұл – ешқашан түсірілмеген Райан Харпердің FunVax фильмінің промо-видеосынан үзінді.

Төменде біз фейктің пайда болуы мен таралу тарихын қысқаша сипаттаймыз және «Құдай гені» туралы айтамыз.

Видео қай жерде, қашан пайда болды? Оған Билл Гейтстің не қатысы бар?

Видеоның сапалырақ нұсқасында сөйлеп жатқан адамның бетіне мұқият қараса, оның Билл Гейтс емес екенін көруге болады. Бұл видеороликпен Билл Гейтсті тек 2020 жылы байланыстыра бастады, оған дейін видео оның есіміне сілтеме жасалмай таратылған. Бұл видеоны 2015 жылы Snopes талдады, оны уеб-сайтынан оқуға болады. Гейтс видеоның титрында да аталмайды.

Кадрда көрсетілген презентациядағы мидың суреті Neurology журналындағы ғылыми мақаладан алынған (төмендегі суреттерді салыстыра аласыз). Бұл – метамфетамин қолданған 43 жастағы әйел миының суреті, миға түсті дақ салынған. Ғылыми мақала 2010 жылы жарияланған, видеоның өзі 2011 жылы шыққан, ал ондағы оқиға 2005 жылы болғандай етіп көрсетіледі.

Видеода көрсетілген презентациядағы кадр скриншоты және Neurology журналындағы мақаладан алынған сурет.

Сол кадрлар Райан Харпердің Funvax фильмін түсіру үшін қаражат жинау парағында да тұр.

FunVax T-Shirt - A Non-Religious Brain
Kickstarter-дегі фильм парақшасындағы сурет

Ақша жиналмай, науқан 2012 жылы аяқталды. Kickstarter-дегі науқан парақшасында осы видео қолданылған промо-ролик бар (ол кезде қосымша титрларсыз). YouTube-ке видеоның алғашқы жүктелген уақыты – шамамен, 2011 жылдың 20 қыркүйегі, осы датадан ерте дереккөз таппадық.

«Құдай гені» деген бар ма?

Ген Бога, биореликварий и свет из чашки Петри | Colta.ru

«Құдай Гені: біздің генімізге сенімнің қалай қосылғаны туралы» (The God Gene: How Faith is Hardwired into Our Genes) – бұл өзін кинода да көрсеткен профессор Дин Хамер кітабының атауы. Бұл кітапта VMAT2 ақуызының адам организміндегі ролі зерттеледі. Ол, шамамен, діни практикаларға бейімділікке жауапты саналады.

VMAT2 туралы көбірек білу үшін ғылыми мақалаларды мына жерден, мына жерден және мына жерден оқи аласыз.

«Құдай гені» туралы Хамер алғаш рет 2004 жылғы зерттеуінде хабарлады, ол қоғамда үлкен қызығушылық тудырды. Бірақ діндарлыққа нақты бір ген жауапты екені рас па?

Бұл сұраққа нақты жауап жоқ. Әзірше ғалымдар адамның діндарлығы биологиялық эволюция мен қоршаған ортаның күрделі өнімі екеніне келіседі. Ресей ғылым академиясы профессоры және Мәскеу мемлекеттік университеті биология факультеті биологиялық эволюция кафедрасының меңгерушісі Александр Марковтың 2017 жылы бұл мәселеге қатысты мынадай пікірі бар:

«Бұл тақырыппен «Құдай гені» кітабының авторы Дин Хамер ғана емес, көптеген мықты ғалым айналысады. Дин Хамердің кітабы туралы жетекші ғылыми журналдарда (мысалы, Nature Genetics-та) өте жақсы пікірлер айтылды. Атап айтқанда, жақында эволюциялық дінтанудың белгілі маманы Паскаль Буайдың «Дінді түсіндіру: діни ойлау табиғаты» кітабы орыс тілінде жарық көрді. Біздің түрлеріміз эволюция кезінде шындықты діни тұрғыдан түсінуге бейім болды деп айтуға толық негіз бар; аллельдік нұсқалары қазіргі заманғы адамдарда да осы тенденцияға әсер ететін бірқатар ген бар (басқа гендердің басқа аллельдері алдыңғы эволюция кезінде 100% жиілікке жетуі керек еді, сондықтан қазір өзгеріс жоқ: олар барлық адамда бар). Діни ойлауға бейімділік ата-бабаларымыздың қабілетін арттыратын және іріктелген пайдалы бейімделу ме, әлде бұл эволюция кезінде басқа себептермен (яғни, олар діндарлыққа ықпал еткені үшін тікелей емес) пайда болған біздің ойлауымыздың басқа қасиеттерінің жанама әсері ме (міндетті түрде пайдалы емес) деген сұрақ дау болып отыр».

Factcheck.kz