Фейк | “Қазақстанда 5G қосады – телефон мен теледидар пайдаланбаңыздар!”

Whatsapp мессенджерінде 19 тамызда Қазақстанда теле және радио хабарларын таратудың уақытша тоқталуын 5G желісінің қосылуымен байланыстырған бір әйелдің аудиожазбасы жылдам тарап жатыр. Онда әйел “желі баланы өлтіріп жіберетін қорқынышты нәрсе екенін” айтады. Осы жағдайға байланысты хабарлама авторы 25-іне дейін Wi-Fi, теледидарды өшіріп, мобайл телефондарды алыс ұстауға кеңес береді.

Аудиожазбаны мына жерден тыңдауға болады:

Үкім: Фейк

“Қазтелерадионың” ресми мәліметі бойынша, теле және радио хабарларын таратуды жоспарлы түрде уақытша тоқтауы – жоспарлы профилактика жұмысы.  Мұндай жұмыстар тоқсан сайын жүргізіледі. Ол күні 5G желісін қосу, онда да бүкіл Қазақстан көлемінде қосу жоспары жоқ. Оған қоса, 5G технологиясының адам денсаулығына зияны мен өлімге жеткізетін қаупі барын дәлелдейтін бірде бір зерттеу жоқ.

Хабарлама мәтіні:

…Бүгін Инстаграмнан 19-ына телевизия мен радионың өшетінін көрген боларсыздар. Ендігі бәрін ақтарып шыққан шығарсыздар. Шын мәнінде, сұмдық нәрсе болғалы тұр, өйткені мен кеңес беріп тұрмын… сенімді ақпарат бұл. 19-ы мен 25-і аралығында үйдегі Wi-Fi-ды тура бауынан, барлық бөлмедегі теледидарларды өшіруге кеңес берем. Мұздатқыштарға тиіспей-ақ қоюға болатын шығар. Күндіз телефон ұстамаған дұрыс. Біз онымен Инстаграм ақтарып, Ютубке кіргенді жақсы көреміз ғой. Бұл кезеңде оған жоламау қажет, керек кезде ғана телефонды қолға алуға болады. Кешке үйге келгенде телефонды кіребрісте қалдырып кетіңіздер, басқа бөлмелерге апармаңыздар. Өйткені, қыздар, 5G қосайын деп жатыр. Бұл – сұмдық нәрсе. Балаларға телефоннды қолға алуға, теледидар көруге тыйым салыңыздар. Өйткені басқа елдер 5G қосқанда оның мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларға өлім қаупі болған. Олардың біразының мұрнынан, құлағынан қан аққан екен. Қыздар, осы 5-6 күнде, жұмыстан кейін кешке болса, кітап оқиық, журнал парақтайық, ештеңе етпейді. Теледидар көрмеу керек, телефонға жоламаймыз, ештеңе қоспаған дұрыс, сонда балаларыңыз бен немерелеріңіздің денсаулығын сақтап қаласыз. Бұл – сенімді, нақты ақпарат. Өйткені, олардың не айтып жатқанын көріп тұрсыздар… Енді мемлекет не болатынын айтпайды ғой, ал мен айтқан нәрсенің болатыны анық.

Қисын қайда?

Мәтінді мұқият оқыған адам хабарлама авторы дәлелдерінен бірқатар сәйкессіздік байқайды. Ең маңыздысы, теле және радио хабарларын таратуды тоқтату себебі түсіндірілмегенін айтады. Ал негізі оның себебі белгілі, бұл туралы уәкілетті орган да, БАҚ та жазды. Шын мәнінде, автор өзінің ақпараты сенімді екенін дәл себептің жоқтығымен дәлелдеп тұр. Басқа ешқандай дәлел келтірілмейді.

“Қазтелерадио” телевизия және радиодан хабарын тарату саласындағы ҚР Ұлттық операторы мәліметі мынадай:

2020 жылдың 19 тамызында сағат 03.00 мен 17.00 аралығында жерсеріктік, цифр және аналог эфирлік желілердің техника құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы профилактика жұмыстары жүргізіледі. Осыған байланысты Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады.

“Қазтелерадио” АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфир желілері техника құралдарындағы сервистерді жауып, жоспарлы профилактика жұмысын жүргізеді. Бұл жұмыстар теледидар мен радио хабарларын сапалы тарату үшін қажет. Өйткені тоқсан сайынғы жоспарлы жөндеу жұмыстары қызмет көрсетуді ұзақ уақытқа өшіруге мүмкіндік береді, осы кезеңде техника құралдарын жаңарту бойынша қосымша жұмыстар жүргізіледі.

Былтырғы телеарналар мен радиодан хабар таратуды тоқтатуға қатысты жағдайдың дәл осындай мысалын мына жерден оқи аласыз. Өздеріңіз түсінгендей, бұл процедураның ерекше ештеңесі жоқ.

Автордың 5G желісін қосу басқа елдерде балалардың өліміне әкелді дегені – жалған. Шын мәнінде, 5G әлемнің көптеген қаласы мен елінде бар, оның кесірінен балалардың өлгені туралы ешқандай дерек жоқ.

Контекст

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz