Фейк | COVID-19 вакциналары иммун жүйесін әлсіретіп, тәуелді етеді

Қазіргі кезде түрлі мессенджерлерде белгісіз бір вирусологтардың айтқан мәлімдемесі тарап жатыр. Оған сәйкес, COVID-19 вакциналары адамдарды тәуелді етеді, сондай-ақ кейін вакцина салынбаса адамда жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы (ЖИТС) пайда болады-мыс.

Төменде тарап жатқан мәлімдеменің мәтінін ұсынамыз (авторлардың пунктуациясы, грамматика мен стилистикасы сақталған).

*_ВИРУСОЛОГТАРДЫҢ COVID-19 ВАКЦИНАЦИЯСЫН САЛУҒА ҚАТЫСТЫ ТҮСІНДІРМЕСІ. Вакцинацияның өзі емес, оның иммун жүйесіне келтіретін салдары қауіпті. Өйткені вирусқа қарсы тек епенің өзі күреседі, ал иммунитет босаңсып, түк жұмыс істмейді. Былай айтқанда, ұйқыға кетеді. Сондықтан вирус мутация ұшыраған кезде қайтадан екпе салдыру керек. БҰЛ ДЕГЕНІҢІЗ… сізді құдды бір нашақордай… инеге байлап қояды. Екпе салынса, өмір сүресіз, ал салынбаса,  кез келген вирустан зардап шегесіз. Ал екпенің күші 6-9 айға жетеді. Ол тұмаудың маусым сайын болатын түрлерін ғана қорғайды. Сізге әр қауіпті маусым сайын, яғни кезекті індет шыққан кезде жаңа екпе салдырып отыру керек. Сіздің иммунитетіңіз бар жауапкершілік пен күресті вакцинацияның мойнына артып қояды. Тұзақ дәл осы жерде. Қазір сізге екі рет тегін екпе салып береді. Бірақ бір жылдан кейін, мысалы жаңа вирус пайда болған кезде (індет міндетті түрде қайталанады) жағдайыңыз қандай болмақ. Себебі жыл сайын көктем мен күзде тұмау вирустары қайта жанданып, мутацияға ұшырайды._ * * _Міне сол кезде екпе алу үшін ақша төлеуге мәжбүр боласыз, әйтпесе не өлесіз, не хәліңіз мүшкіл болады. Негізі бұл науқан басынан бастап сол үшін, яғни алдағы екі жылға арналып істелді. Мамандардың айтуынша, вакцинация шығаратын барлық компаниялар байи түспек, өйткені сіз өлмеу үшін кез келген ақша жұмсауға дайын боласыз. Бары осы. 2021 жылы екпе барлығына тегін салынады. Ал 2022 жылы халық саны азая түседі дейді. Себебі не ақша болмайды, не вакцина табылмайды. Ал вирус міндетті түрде пайда болады, ол жағынан күмәніңіз болмасын. Сонда сізде жасанды түрде,,,,,, жұқтырылған иммун тапшылығының синдромы,,,,,пайда болады, осыны ойлаңыз._* *_ ЕГЕР СІЗ ҮШІН ТУЫСТАРЫҢЫЗ БЕН ТАНЫСТАРЫҢЫЗДЫҢ ӨМІРІ МАҢЫЗДЫ БОЛСА, ОНДА ОСЫ АҚПАРАТТЫ СОЛАРҒА ТАРАТЫҢЫЗ!_*

Тарап жатқан хабардың мәтіні

Бұл ақпарат халық арасында кеңінен тарап кеткен соң Factcheck.kz ондағы мәлімдемелерді тексеріп көрді. Редакция материалды дайындауға көмектескен MedSupport.kz ұжымына алғыс айтады.

Үкім: Фейк

Хабарламада ғылыми дәлелденген бірде бір дәлел жоқ. Мәтіндегі жалғыз шындық – вирустардың мутацияға ұшырауы. Қалғаны қастандық теориясымен араласқан жалған ақпарат пен өтірік сөз. Мәтінде қандай да бір ақпарат көзіне сілтеме жоқ, сондай-ақ хабарламадағы вирусологтар кім екені белгісіз. Осының бәріне толығырақ тоқталайық.

«Иммунитет ұйқыға кетеді» ….

Әңгімені екпе «иммунитетті ұйықтатады» деген мәлімдемеден бастайық.  Бұл вакциналардың қалай жұмыс істейтінін білмегендіктен туындайтын қате түсінік. MedSupport.kz жобасының негізін қалаушы Ақмарал Тұрсынованың айтуынша, екпе, керісенше, иммунитетті белсенді етіп, оны болшақта болуы мүмкін жұқпаға қарсы күреске дайындайды. Себебі вакцинация арқылы адам ағзасына бақылауға болатын әрі қауіпсіз мөлшерде бөтен агент енгізелді.

Егер адам SARS-CoV-2 вирусын (немесе кез келген басқа қауіпті инфекциясын) жұқтырса, иммунитет қабыну және инфекциядан туындаған басқа процестер жағдайында дамиды.

Vaccines Antibody illustration 01_29 Oct
ДДСҰ-ның иллюстрациясы

Вакцина салған кезде адам денсаулығына зақым келмейді, ал иммунитет еш қиналмастан антиденелерді, яғни Т-жасушалар мен В-жасушаларды түзеді.

Басқаша айтқанда, вакцинация «вирусқа қарсы күресті өз мойнына алмайды», ол иммунитетке вирусты танып, онымен күресуді үйретеді. Вакцинацияның мақсаты – антигенді ағзаға жеткізіп, иммунитетке «ұсыну».

Vaccines Antibody illustration 02_29 Oct
ДДСҰ-ның иллюстрациясы

Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, автордың/лардың «адамды «инеге байлап қояды», «олар вакцинациясыз өледі» деген сөздері негізсіз. Әрине вирустың жиі мутацияға ұшырайтынына байланысты вакцинация күнтізбесінде жыл сайын алуға (мысалы тұмау вирусына қарсы) кеңес берілетін екпелер бар. Алайда әрдайым екпе салдырып жүрген адам вакцинация жасамаса, қайтыс болады деген шындыққа жанаспайды.

Тұмауға қарсы вакцинаны жыл сайын алатын адамдардың иммунитеті әлсіремейді. Сондықтан вакцинаның жетіспеушілігі иммун тапшылығы синдромына алып келеді деген болжам еш сын көтермейді. Естеріңізге сала кетейік, ЖИТС-тың пайда болуына адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) әкеледі (иммун тапшылығы туралы толығырақ мына сілтемеден оқи аласыз). Бұл ғылыми дәлелденген. Сондықтан ЖИТС-тың вакциналарға ешқандай қатысы жоқ.

Сондықтан COVID-19 вакцинасын қайта қабылдау адам иммунитетіне зиян тигізбейді. Сондай-ақ тарап жатқан ақпаратта көрсетілгендей, SARS-CoV-2 вирусы тұмаудың маусымдық түріне жатпайтынын айта кетейік.

Вакцина (коронавирусқа қарсы болсын, басқасы болсын) иммунитетке кері әсерін тигізбейді. Оның ағзаға әсері адамға күнделікті кездесетін антигендердің санынан аз.

Биолог әрі ғылымды насихаттаушы Әсел Мұсабекованың айтуынша, адам ағзасын күн сайын қоршаған ортадан 6 мыңға жуық әртүрлі антигендер шабуылдайды. Ал адам ағзасындағы микробтардың саны организмдегі жасушалармен бірдей не одан да көп. Адам ағзасы оған үйреніп қалған, сондықтан иммунитетке артық жүк түспейді. Бұл жағдайда вакцинамен кездесу ауқымы мүлдем басқа:

Қазіргі вакциналар туралы айтсақ, мысалы АҚШ-та егер сіз күнтізбедегі барлық вакцинаны (екпелерді, – ред.) санап шықсаңыз, онда 173 антиген болады. Бұл – 13 екпе. Бұл коронавирус вакциналарына да қатысты. Ол жерде антигендердің саны аз, олар күн сайын осындай жағдайға тап болатын иммун жүйенсіне еш салмақ салмайды.

Ә. Мұсабекова

Былайша айтқанда, адамға вакцина арқылы салынған антигендер саны  теңіздің тамшысындай. Бірақ пайдалы.

Біз тарап жатқан ақпараттағы қастандық теориясына тоқталмаймыз, себебі ондағы фактілерді тексеруге еш негіз жоқ. COVID-19 вакцинасы болашақта ақылы бола ма, жоқ па белгісіз. Бұл көптеген факторға байланысты. Алайда оның жетіспеушілігі, жоғарыда айтқанымыздай, ЖИТС-ке әкелмейді.

Қорытынды

Егер сіз осындай ақпаратта тап болсаңыз, онда оны басқа біреуге жіберуден аулақ болыңыз. Себебі ондағы мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді.

Фактчекер, главный редактор русскоязычной версии Factcheck.kz

Factcheck.kz