Фейк | Амбулаториялық жағдайда Covid-19 табылған науқастарды емдеу туралы хаттама

АПЛЕЙТ 22 маусым, 2020. Маңызды ескерту: Хаттамада көрсетілген кей дәрілер Covid-19-дан емделу кезінде пайдаланылады (Алдын-алу кезінде емес). Дей тұра тарап жатқан “хаттама” Денсаулық сақтау министрлігінің ресми құжаты емес, және оның қайдан шыққаны белгісіз. Мақалаға Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің коронавирустан емделудің ресми алгоритмі қосылды.

АПДЕЙТ 22.06 21:55: Мәскеудегі әріптестеріміз хаттаманың көшірмелерін ауруханалардың біріндегі чаттан тауып алды. Біз құжаттың шыққан жері мен тарау жолдарын іздеп жатырмыз. Айта кету керек, осы “хаттамамен” қатар, мессенджерлерде ескірген және / немесе тексерілмеген, яки салыстырмалы түрде жаңа және сенімді протоколдар тарап жатыр (мысалы ММУ медицина орталығы).

Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде “амбулаториялық жағдайда Covid-19 табылған науқастарды емдеу туралы хаттама” тарап жатыр. Мұны Мәскеу облысының дәрігерлері алыпты-мыс.

Фейк | Амбулаториялық жағдайда Covid-19 табылған науқастарды емдеу туралы хаттама
Тарап жатқан сурет

Соған қарамастан бұл хаттаманың авторы кім екені, және дәрігерлер мұны қайдан алғаны туралы ештеңе айтылмаған. Қазір бұл хаттама барлық әлеуметтік желіде жүр.

Үкім: Жалған

Мұндай құжат Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігі сайтында жоқ, ал хаттаманың өзінде көрсетілген ұсыныстар көбіне күмәнді және Covid-19-дан емделуге, бағамдауға байланысты жасалған ресми методикалық мәлімдемелерге сай келмейді.

Әрине, бұл құжатты РФ-тің Денсаулық сақтау министрлігі емес, басқа бір дәрігердің өзі үшін жазуы мүмкін екенін жоққа шығармаймыз. Сондықтан төменде бұл хаттаманың кей тұстары мен РФ Денсаулық сақтау министрлі жасаған ресми құжатты салыстырып көреміз.

  • Бірінші күмән тудыратын жері-хаттама көлемі (бір парақ). Ауру белгілері мен оны емдеу жолдары тым жұтаң түсіндіріледі. Мұндай маңызды медициналық құжат бұлай жазылмаса керек.
  • Хаттамада РФ Денсаулық сақтау министрлігінің ресми құжатының 9.5 бөлімінде көрсетілгендей амбулаториялық жағдайда жасалатын көмектің негізгілері жоқ. Айта кететін жайт, біз айтып отырған көмек көрсету принциптерінің сиппатамасының өзі бұл хаттаманың көлемінен көп.
  • Хаттама авторы иммуномодулятордың зияндығы туралы баса ескертеді. Умифеновирді санамағанда, мұндай иммуномодулятор тізімі Денсаулық сақтау министрлігінің ресми құжатында кездеспейді.
  • Хаттамада ПТР-сараптамасына ауырған соң 5-7 күн аралығында тест өткізу керек деп айтылған. Ал “Аурудың 1-4 күні” деген бөлімде, яғни тест тапсырмас бұрын және диагноз анықталмай тұрып, белгілі бір дәрілер қабылдау керектігін жазған.

Бұл тек бір қарағанда көзге түсетін тұстары, егер де дәрілердің тізіміне көз жүгіртсек бұдан да қызық бола түседі: хаттамада көрсетілген Набозит, С Витамині, D3 Витамині, Мелатонин, Максилак, Магне В6 сынды дәрілер Денсаулық сақтау министірлігінің ресми құжатында жоқ. Мелатонин, Максилак және D3 Витамині биологиялық белсенді қоспа қатарына жатпайды. Бұлардың коронавирусқа қалай қарсы тұратыны мүлдем түсініксіз.

Ал Денсаулық сақтау министрлігі азиотромицинді тек аурудың орташа ауыр және ауыр кезеңінде қолдануға кеңес береді. Бұл дәрінің кері әсері қиын тиюі мүмкін. Ал біз қарастырып отырған хаттамада мұны аурудың 1-4 күн аралығында, яғни ПТР-сарапатмасынан өтпей тұрып, ішу керектігі айтылған.

Ресей Федерациясының Денсаулық сақтау министрлігінің ресми сайтында хаттамадағы секілді тамақтануға байланысты нақты ештеңе айтылмаған.

Хаттама соңындағы сілтеме бұл құжаттың өтірік екенін білдіріп қойып тұр- РФ Денсаулық сақтау министрлігінің сайтында мұндай бет жоқ.

АПДЕЙТ 22 маусым, 2020: сілтеме қате терілген, бұл парақшада емделу хаттамасы берілген. Дегенмен ол жерде мұндай хаттама бәрі бір табылмады.

Дерттің ауырлығына қарай емделудің ресми жолдары төменде көрсетілген. Сілтеме арқылы емделу жолдары алынған қысқаша хаттамаға өтуге болады.

Фейк | Амбулаториялық жағдайда Covid-19 табылған науқастарды емдеу туралы хаттама

Денсаулық сақтау министрлігінің методикалық кеңестері науқастарға емес, дәрігерлерге арналғанын еске салғымыз келеді. Мұндай құжаттарға сүйене отырып өз-өзін емдеу немесе дәрігерге қаралмай үй жағдайында емделуге кеңес берілмейді.

Контекст

Маршрутизация пациента с КВИ
  • Қазақстанның Денсаулық сақтау министрлігінің де коронавирус инфекциясын бағамдау мен емдеуге арналған клиникалық хаттамасы бар. 15-маусымда бұл құжаттың 9-редакциясы шықты.
  • Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінің амбулаториялық жағдайда емделу туралы құжатында біз талдаған хаттамада айтылған кеңестерге қатысты ештеңе жоқ.

Фактчекер-журналист. Factcheck.kz сайтының шығарушы редакторы.

Factcheck.kz