Фактчек | Дементьева Қазақстандағы мектептерді қауіпсіздік жүйесімен жабдықтау

1 қыркүйекте Мәжілістің кезекті пленар отырысында депутат Наталья Дементьева Қазақстандағы мектептердің қажет қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталуы туралы мәлімет жариялады.

Оның сөзі 1:13:57 секундта басталады

Депутаттың айтуынша, бұл – елдің білім беру мекемелері үшін өзекті мәселе. Өйткені мектептердің басым көпшілігінде дабыл түймелері әлі орнатылмаған, ал күзет баяғы ескі әдіс – қарауылдар мен вахтерлар арқылы жүзеге асады.

Factcheck.kz редакциясы депутаттың айтқанын тексерді.

Мәлімдеме: Білім және ғылым министрлігі мәліметі бойынша, республикадағы 7 228 мектептің 6 152-інде дабыл түймесі жоқ. Мектептердің 15 процентіне ғана (1 076 мектеп) дабыл түймесі орнатылған. Мектептердегі күзет баяғы ескі әдіс – қарауылдар мен вахтерлар арқылы жүзеге асады. Елдегі 466 мектептің ғана арнайы күзеті бар. Бұл 6,4 процентке тең.

Наталья Дементьева, депутат

Үкім: Техникалық қате және Үкім жоқ

Техникалық қатесі мынау: депутат Қазақстан Республикасындағы оқу орындарының санын қате айтты. Ұлттық статистика бюросы мәліметі бойынша, 2020-2021 жылдарда республикада 7 440 жалпы білім беретін мектеп бар. Аймақтар арасында көшбасшы Түркістан облысы – 930 мектеп, одан кейін Алматы облысы – 793 мектеп және Шығыс Қазақстан облысы – 677 мектеп.

Үкімсіз қалдырған себебіміз: депутат берген мәліметтерді Мектепке дейінгі және орта білім комитеті төрайымы Майра Мелдебекова 18 мамырда Білім және ғылым министрлігінің аппарат отырысында жариялады. (Бұл туралы сөз 00:09:55 секундта басталады) Бірақ бұл ақпаратты басқа дереккөздерден тексеру мүмкін болмады.

Спикердің айтуынша, 7 228 жалпы білім беретін мекемелердің 14,9%-інде (1 076 мектеп) дабыл түймесі орнатылған, қалған 85,1%-інде (6 152 мектеп) орнатылмаған. Сонымен қатар, ол мектептердің 6,4%-інде (466 мектеп) ғана арнайы күзет бар екенін айтты.

Алматы, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда облыстары мен Шымкент сияқты бес аймақта мұндай қорғаныс мүлдем жоқ екені айтылды. Оған қоса, ол елде мектептердегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін 25 640 күзетші мен қарауыл бар екенін жеткізді.

Фактчек | Дементьева Қазақстандағы мектептерді қауіпсіздік жүйесімен жабдықтау

Мәселе бұл ақпаратты басқа дереккөздерден тексеру мүмкін емес екенінде болып тұр. Өйткені мұндай мәліметті Білім және ғылым министрлігі де, Ұлттық статистика бюросы да жарияламады. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі сайтынан жекелеген аймақтар бойынша іріктелген ақпарат бар.

  • Атырау облысы бойынша Атыраудағы 17 мектепке және Құлсары қаласындағы 10 мектепке дабыл түймесі орнатылғаны хабарланды.
  • Маңғыстау облысында барлық мектептің 59,6%-і дабыл түймесімен жабдықталған және жүйелердің 50,3%-і жедел басқару орталығына қосылған.
  • Павлодарда 316 мектепте (88%) дабыл түйсі орнатылды, үш лицейді қоспағанда, күзетшілер мен қарауылдар ғимаратты күзетіп отыр.
  • Шығыс Қазақстан облысында жаңа оқу жылының басына дейін барлық оқу орнында дабыл түймесін орнату жоспарланған еді.
  • Сонымен қатар, Алматыдағы барлық мектепте дабыл түймелері орнатылып, жұмыс істеп тұрғаны айтылды. Дәл осындай жағдай Қарағанды ​​облысы Шахтинск қаласында да бар.

Мәлімдеме: Бүгінгі таңда 857 мектепте оқушылардың электрон базасы бар турникеттер орнатылған, бұл 11,9 процентке тең. Мына қарқынмен мектептерге 100  процент туринкеттер орнату үшін ондаған жыл керек.

Наталья Дементьева, депутат

Үкім: Үкім жоқ

Бұл мәліметтер спикердің Білім және ғылым министрлігінің аппарат кеңесінде сөйлеген сөзінен алынды. Майра Мелдебекованың сол кездегі мәліметі бойынша, мектептердің тек 11,9%-інде мектеп оқушыларының электрон базасы бар турникеттер орнатылған. Дегенмен бұл ақпаратты басқа дереккөздерден тексеру мүмкін емес.

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі сайтында Атырау облысындағы 148 мектеп турникеттермен толық жабдықталғаны, ал қалған 49 мектепте оқу жылының соңына дейін орнатылатыны жоспарланғаны туралы жеке деректер ғана бар. Бұдан да толық ақпарат көпшілікке қолжетімді емес.

Родился в городе Алматы. Окончил факультет журналистики в КазНУ им. Аль-Фараби. С 2017 года работал корреспондентом в нескольких казахстанских изданиях.

Factcheck.kz