ДДСҰ «Пандемия жоқ» деп жариялағаны рас па?

Соңғы күндері желіде «пандемияның жоқ» болып шыққаны жайлы ақпарат тарап жүр. Бұл туралы rast.kz , vmire.pro , coronavirus.ru және т.б сайттар жариялады. Жалған ақпараттың пайда болуына ДДСҰ-ның 8 маусымдағы медиабрифингте айтқан мәлімдемесі түрткі болған. Бұған дейін біз мәлімдеменің желі қолданушыларының арасында бұрмаланғаны туралы жазған едік. Енді ақпарат мүлдем басқа контекстте тарап, зомби-фейкттерді де тірілтіп жүр екен.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Covid-19 жөніндегі техникалық жетекшісі Мария Ван Керкхов «пандемия жоқ» деп мәлімдеді

rast.kz

Үкім| Жалған және манипуляция

ДДСҰ өкілі Мария Ван Керкхов бұл мазмұнда ешқандай мәлімдеме жасамаған. Ол тек вирустың сипмтомпсыз науқастардан басқа адамға «өте сирек» жағдайда жұғатынын айтты. Сондай-ақ Мария бұл жөнінде нақты мәлімдеме жасау үшін әзірге зерттеулердің жеткіліксіз екенін де ескертті.

Бұл тақырыпта бірінші рет жазғанымызда ақпарат «симптомпсыз науқастардың вирусты мүлдем тарата алмайтыны» жайлы еді. Осының негізінде «карантиннің де мағынасы жоқ» деген пікірлер пайда бола бастаған. Кейін бұл пікірлер «пандемияның да жоқ болғаны» деген тұжырым тудырса керек.

Фейктің тарауы

ДДСҰ «Пандемия жоқ» деп жариялағаны рас па?

Барлығы сілтеме жасаған cnbc.com сайты осы мазмұндас ақпаратты бірінші болып жариялады. Қазір сайттағы материал өзгертілген. Бірақ желіде бірінші болып пікір білдіргендер жазушы әрі психолог Марина Линдхолмның ютуб парақшасынан мақаланың алғашқы нұсқасын көруге болады. Мұнда симптомсыз науқастардан вирус мүлдем жұқпайтыны жайлы жазылған.

ДДСҰ «Пандемия жоқ» деп жариялағаны рас па?

Қазіргі нұсқасында ақпарат толықтырылған және бастапқы нұсқада «көпшілік» деген сөзді ұмытып кеткендері жайлы ескерту бар.

Көбі сілтеме жасаған naturalnews.com сайты «Карантиннің пайдасыздығы» жайлы қауесетті бірінші болып таратқан. Олар да алдымен cnbc.com сайтына сілтеме жасап, кейін «вирус жұқтыра алатындар тек ауру симптомдары анықталған науқастар болса, оларды оңай тауып, карантинге жатқызуға болар еді… Сол себепті барлығына жаппай карантин жариялап, мәжбүрлі екпе салдырудың да қажеті жоқ» деп тұжырымдайды материал авторы.

Пандемия жарияланған бері симптомпсыз науқастардың да инфекция жұқтыра алатындығы айтылған болатын. Ал вирус ауа-тамшы жолдарымен тарайтындықтан, жөтел сияқты симптомы бар науқастардан инфекцияның сәйкесінше жиі таратайтыны түсінікті. Сонымен қатар вирус жұқтырғаннан кейінгі бір-екі күндік симптомпсыз аралықты да ескеру керек.

Зомби-фейктердің қосылуы

rast.kz, vmire.pro, коронавирус.ru сайттары жоғарыдағы ақпаратпен қоса вирустың басқа беттерде өмір сүре алмайтынын да атап өтеді. Осылайша дизенфекцияның да қажетін жоққа шығарады. Ақпараттың дереккөзі ретінде АҚШ-тағы ауруларды бақылау және прафилактика орталығы (ары қарай CDC ) көрсетілген. Бірақ нақты жарияланған бетке сілтеме жоқ және CDC сайтынан да бұндай ақпарат таба алмадық. Бұл фейк бұған дейін де тараған болатын. Әртүрлі зерттеу жұмыстарының негізінде вирустың пластик пен темір бетінде 72 сағат, мыс бетінде 4 сағат және картон қағазда 24 сағатқа дейін өмір сүретіні анықталды.

Фейк таратқан сайттар соңғы сөзі ретінде, неміс ғалымдары жүргізген зерттеу жұмысы жайлы айтады.  «Неміс ғалымдары Федералды ішкі істер министрлігінің (ары қарай ІІМ) тапсырысымен COVID-19 және антикризистік шаралар бойынша құпия зерттеу жүргізді. Нәтижесінде ғалымдар әлемдік пандемияны «жалған дабыл» деп атады» делінеді аталған сайттарда. Біз бұл зерттеу жайлы да тексеріп көрдік.

Бұл – Манипуляция. Неміс ғалымдары 8 маусымда Антикризистік шаралар жайында зертеу жүргізгені рас. Бірақ, ол ІІМ тапсырысы бойынша жасалмаған. 10 мамырда министрлік ресми-пресс релиз жариялап, зерттеуде Стефан Конның (зерттеу авторы) жеке көзқарасы ғана айтылғанын және министрлік тарапынан ешқандай тапсырыс болмағанын мәлімдеді.

11 мамырда Конға көмектескен зерттеуші-ғалымдар ІІМ ғарсы пресс-релиз жариялап, зертеу нәтижелерімен санасуды талап етті. Бірақ 2 маусымда факчекингпен айналысатын healthfeedback.org сайты аталған ғалымдардың ішінде вирусолог та эпидемиолог та жоқ екенін және олардың кейбіреуі бұған дейін пандемия жайлы желіде көп сын айтқанын анықтады.

Factcheck.kz