Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі әкімнен қаланың бас санитар дәрігеріне қатысты тергеу жүргізуді сұрады

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі қала әкімі Бақытжан Сағынтаевқа хат жолдап, қаланың бас санитар дәрігері Айзат Молдағасымоваға қатысты қызметтік тергеу жүргізуді өтінді.

Алматы қаласының Қоғамдық кеңесі әкімнен қаланың бас санитар дәрігеріне қатысты тергеу жүргізуді сұрады

Хаттың фотосы қоғамдық кеңес мүшесі Марат Шибұтовтың парақшасында жарияланды. Хатқа жазылған пікір: «Алматы қаласының бас санитар дәрігері Айзат Модағасымованың карантин ережелерін бұзуы кәсібилікке жатпайды және қызметіне сәйкес келмейді. Қаланың бас санитар дәрігері вирус жұқтырғандармен бірге ұшып келіп, карантинге жатпай бірнеше күн жиналыс өткізіп, жұмысқа барып жүрді. Осы жайтты ескере отырып, жұмысынан босатып, осы секілді қызмет істеуіне тыйым салу қажет» (орыс тілінен аударылды).

Еске сала кетсек, бұған дейін Алматы қаласы тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің басшысы (бас санитар дәрігер) Айзат Молдағасымованың вирус жұқтырған адаммен бірге бір рейспен Германиядан ұшып келгені белгілі болды. Бірақ карантинге жатқызылған жоқ және бірнеше күн әріптестерімен байланыста болып, қалыпты тәртіппен жиналыстар өткізді. Қазіргі уақытта Молдағасымова коронавирусқа байланысты карантинде жатыр.

2020 жылдың 22 наурыз 23.50-дегі Қазақстанда коронавирус жұқтырған 60 адам тіркелді. Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында карантин жарияланды. 20 наурыз күні Қазақстанда коронавирус туралы нақты ақпарат жарияланатын ресми сайт іске қосылды.

Коронавирус туралы жаңалықтар мен тексерілген мәліметті біздің сайтымыздағы «коронавирус» тегі арқылы оқи аласыздар.

Фактчек в Казахстане и Центральной Азии. Первый центральноазиатский фактчекинговый ресурс. Открыт в мае 2017 года. Член Международной сети фактчекинговых организаций (IFCN)

Factcheck.kz