Әйелдердің өмір сүру жасы азайды ма?

11 қаңтарда өткен мәжілістің пленарлы отырысында депутат Аманжан Жамалов әйелдердің зейнет жасы туралы сөз қозғады. Соның ішінде әйелдердің өмір сүру ұзақтығының өсуі зейнет жасының жоғарылауына тікелей әсер еткен. Алайда, депутаттың айтуынша керісінше әйелдердің өмір сүру ұзақтығы кеміген. Осы ақпаратты Factcheck.kz тексеріп көрген еді.

Кейінгі 3 жылда әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 77-ден 75,5-ке азайған.

Жамалов Аманжан, депутат

Үкім: Шындыққа жақын

ҚР Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, кейінгі 3 жылда (2019-2021) әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 77,3-тен 74,03-ке азайған. Әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 3 жасқа кеміген. Депутат келтірген дерек 2018-2020 жылдарға сай: 77,1-ден 75,5-ке төмендеген.

Елімізде әйелдердің өмір сүру ұзақтығы ең жоғары 76.06 жас Астана қаласына, ең төмен 72,6 жас Павлодар облысына тиесілі. Ал ерлер арасында өмір сүру ұзақтығы 2021 жылы 66,33-ке жеткен, ең жоғарғы 69,1 жас Астана қаласына, ең төменгі 64 жас Солтүстік Қазақстанға тиесілі.

Қазақстанда туудың жиынтық коэффициенті 3,13-ке тең. Бұл дегеніміз, әр әйел өмірінде орта есеппен үш бала туады.

Жамалов Аманжан, депутат

Үкім: Шындық

ҚР Ұлттық статистика бюросының дерегіне сай, қазақстанда туудың жиындық коэффициенті 2021 жылы 3,32 болған. 3,13 деген дерек 2020 жылы тіркелген, депутат осы деректі келтірген. Расымен де бір әйел өмірінде орта есеппен 3 баланы дүниеге әкеледі.

Қазакқстан бойынша туудың жиынтың коэффициенті ең жоғары Түркістан облысында 5,1, ал ең төменгі 1,88 көрсеткіші Қостанай облысында тіркелген.

Контекст

  • Дүниежүзілік банктың дерегінше, Қазақстанда 2020 жылы әйелдер арасындағы өмір сүру ұзақтығы 76 жас болған, алғашқы үштікке Гонконг (88 жас), Жапония (88 жас) және Оңтүстік Корей (87 жас) кіреді;
  • Орталық Азия елдері арасында әйелдердің өмір сүру ұзақтығы Қырғызстанда 76 жас, Өзбекстанда 73 жас, Түркіменстанда 72 және Тәжікстанда 70 жас;
  • БҰҰ мәліметінше, әлемде пандемия салдарынан 2021 жылы өмір сүру ұзақтығы 71 жасқа дейін төмендеген, салыстырмалы түрде 2019 жылы 72,8 жас болды.

Журналист-фактчекер, медиа-тренер, 2017 жылдан бері Factcheck Kazakhstan жобасында қызмет атқарады, "Qazaq Travel" компаниясында SMM маманы қызметін атқарған, MediaNet халықаралық журналистика орталығында және Irex Europe жобаларында медиа-сарапшы

Factcheck.kz