Қарашада түрлі әлеуметтік желіде Илон Маск “мен трансгендерлердің өмірін қиындатамын” деп айтты деген жазба тарады. Snopes посттың дереккөзін анықтап көрді.
“Сіз әлемдегі аштық мәселесін шеше алатын әл-ауқат деңгейіне жеттіңіз деп елестетіңіз. Сіз аштықты планеталық деңгейде жоя аласыз. Бірақ оның орнына “жоқ, мен трансгендер адамдардың өмірін қиындатамын” дейсіз”, – делінген жазбада.
Алайда Илон Маск бұл сөздерді айтқаны не жазғаны жөнінде еш дәлел жоқ. Сол себепті Snopes “Илон Маск айтты” деген ақпаратты расталмаған деді. Жазбаның шығу тегі де белгісіз, өйткені Google-дің іздеу нәтижелері суреттің бастапқыда қай жерде жарияланғанын көрсетпеді.
Бұл мемнің айналасында қолданушылар да пікірін жазып жатыр. Бірі Маск жексұрын адам десе, енді бірі кәсіпкерді келеке еткен.
“Сіз дүниежүзі мәселесінің жартысынан көбін шешуге шамасы жететін баймын деп елестетіңіз, бірақ оның орнына жер мәселелерін басқа планетаға ауыстырмақшысыз”, – деп жазған бір Facebook қолданушысы.
Reddit-тегі тағы бір жазбада “Маск кішкентай бала сияқты. Ол Twitter желісін трансгендер қызының әрекетіне қасақана сатып алды. Өйткені қызы онда Маск туралы неше түрлі сөз айтатын” делінген.
Шын мәнінде, Маск осындай арандататын мәлімдеме жасаса, онда ірі бұқаралық ақпарат құралдары мұны бірден жариялап, арты дау-дамайға айналатын еді. Сондай дереккөздердің болмауы жазбаның Масктың транс адамдардың мәселесіне қатысты қарама-қайшы пікіріне назар аударту үшін ойдан шығарылғанын тағы да растайды.
Контекст
Бұған дейін Илон Масктың трансгендерлердің құқығына, әсіресе қызы Вивиан Дженна Уилсонға қатысты мәлімдемелерінен түрлі дау туындаған. Мысалы, Маск бір кездері қызының “оянған ақыл вирусынан өлгенін” айтқан. Одан бөлек, The Guardian газеті миллиардер 2022 жылы “Citizens for Sanity” деп аталатын топтың иммигранттарға және трансгендерлерге қарсы жарнамаларын қаржыландыруға 50 миллион доллардан астам қаражат жұмсағанын жазған.
Пікір қалдыру үшін өз аккауныңызға кіріңіз.