Жалған | COVID-19 емдеу үшін спирт немесе арақтың буымен демалу керек

Әлеуметтік желілерде және мессенджерлерде COVID-19 вирусын емдеудің жаңа тәсілі тарап жатыр. Жаңа әдіске сенсек вирустан жазылу үшін арақ немесе спирт буымен демалу керек. Бұл ақпаратты ҚР жетекші инфекционисі Динагүл Баешева жоққа шығарды.

«Олар біз спиртті антисептик қолдануды ұсынып жатқанымызға сүйенген болар. Негізінде бұл дұрыс емес, әрине бұл фейк. Вирусты жою үшін спирт концентрациясы қажет. Ол 60% болуы керек, оны адам ағзасында жасау мүмкін емес. Сондықтан бұл ақпарат жалған, біз мұндай нәрсе ұсынбадық» деді Баешева.

Сонымен қатар инфекционист Жапонияда әзірленген фавипиравир препаратын пайдалану мүмкіндігіне түсініктеме берді.

Оның айтуынша қазір препарат клиникалық сынақтар кезеңінен өтіп жатыр. Қазақстанда бұл препаратты тіркеу кезінде бізде де оны сынақтан өткізу мүмкіндігі болады.



Factcheck.kz