Зерттеу: Америкалықтардың 51% фейк жаңалықтарға алаңдаулы

Зерттеу: Америкалықтардың 51% фейк жаңалықтарға алаңдаулы

Pew Research center-дің зерттеуіне қатысқан америкалықтардың көбі әлеуметтік желілер сайттарында жарияланған жаңалықтарды қатаң бақылауда ұстайды деп есептейді. Сауалнамаға қатысушылар компаниялар жаңалықты өз платформаларында жариялаған кезде, оның сапасының төмендеуіне әсер етеді деп ойлайды.

Оған қарамастан АҚШ-та әлеуметтік желілер жаңалық оқудың басты құралына айналып отыр. Сауалнама 2019 жылдың 8-21 шілдеде, Пью зерттеу орталығының American Trends Panel-ге мүше, 5107 америкалықтың арасында жүргізілді.

Зерттеу нәтижесінде респонденттердің 62%-ы желілер жаңалықтарға әсер ету үшін көп құралға ие деп ойлайды. Ал 21%-ы жаңалықтарға әсер ету қалыпты деп ойласа, 15%-ы әлеуметтік желілер жаңалықтарға еш әсер етпейді деп есептейді.

Америкалықтардың басым көпшілігі әлеуметтік желілер медиаларды бір-бірінен бөліп жарып қарайды деп санайды. Сұралған он респонденттің сегізі (82%) әлеуметтік желілер кейбір медианы ұнатса, басқаларын платформасында жарияламауға тырысады деген ойда. Ал, 16% әлеуметтік желілер барлық медиаға бірдей қарайды дейді.

Сауалнамада фейк жаңалықтарға қатысты сұрақтар болды. Қатысушылардың жартысы (53%) әлеуметтік желілердің басты проблемасы бір жақты жаңалық деп ойлайды. Ал 51%-ы платформалардың басты кемшілігі тексерілмеген ақпарат тарату деп біледі.

Сұралғандардың 35%-ы желіде жарияланған жаңалыққа дәйексіз пікір қалдыру қауіпті екенін айтады. Сонымен қатар, респонденттердің төрттен бір бөлігі желідегі жаңалыққа қатысты журналистерді қудалау үлкен мәселеге айналды деп пікір білдірді.

Factcheck.kz