YouTube көрермендер санын дөңгелектей бастайды

YouTube платформада және қоғамдық API-де көрермендер санын дөңгелектей бастады. Арна авторлары “шығармашылық студия” және “сараптама” бөлімдерінде оқырмандардың нақты санын көрсе, ал көпшілік тек жуықтаған санды көре алады.

Компания көрсеткішті дөңгелектеу біртіндеп енгізілетінін атап өтті. Өзгертулерден кейін мыңнан астам көрермені бар арналарда қысқартылған көрсеткіш пайда болады. Осылайша YouTube өкілдері күйзеліс мәселесін шешіп, авторлардың әл-ауқатын арттырғысы келетінін айтты.

YouTube өкілдерінің айтуынша бұл өзгерістер авторларға көрермендер санына емес, видеоның сапасына, мазмұнына көп көңіл бөлуге мүмкіндік береді.

Компания өзгерістер жайлы мамыр айында өзінің блогында хабарлаған еді. Арнаға жазылушылар мыңнан аз болған жағдайда олардың нақты саны көрсетіледі. Ал, көрермендердің саны мыңнан асқан жағдайда, көрсеткіш дөңгелектенеді;

  • Егер арнада 4227 көрермен болса, онда көрсеткіш “4.2 K” болады;
  • Егер арнада 133017 көрермен болса, онда көрермендер саны 134000-ға жеткенше, “133K” деп көрсетіледі;
  • Егер арнада 51389232 көрермен болса, онда көрермендер саны 52000000-ға жеткенге дейін “51M” деп көрсетіледі.
Factcheck.kz