YouTube ДДСҰ ұсыныстарына қайшы видеоларды өшіреді

YouTube платформасының бас директоры Сьюзан Войцицки Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) ұсыныстарына қайшы келетін кез келген видеоға тыйым салынатынын хабарлады. Бұл шара медицина тұрғысынан негізделмеген барлық видеоға қатысты екенін айтты.

Сьюзан Войцицкидің айтуынша платформа саясаты тексерілген ақпарат жинауға бағытталған. Енді желі шынайы ақпарат тарататын порталдардың видеоларын қолданады.

Егер адамдар «С дәруменін іш», «куркума пайдалан, біз сені осылай емдейміз» деп айтатын болса, бұл біздің саясатымызға қайшы. Жалпы, ДДСҰ-ның ұсыныстарымен сәйкеспейтін барлық ақыл-кеңес біздің саясатымызға қайшы болып есептеледі

Соңғы уақытта Сovid-19 пандемиясына байланысты қастандық теориялары тез таралуда. Мысалы, 5G желілер коронавирус тудырады деген теориядан соң Ұлыбританияда вандалдар 20 ұялы байланыс мұнарасын қиратты.

Дегенмен, көптеген пайдаланушылар YouTube-тың бұл бастамасында цензураның ұшқыны барын айтады. Бұған дейін компания коронавирус туралы видеоларда жарнама қолдануға тыйым салған еді. Алайда көп ұзамай бұл шара контент жасаушыларға айтарлықтай зиян келтіретіні айтылды.

Factcheck.kz