Хакерлер бөтен Touch ID арқылы телефонның құлпын ашуды үйренді

Tencent Security’s X-Lab қытай компаниясының киберқауіпсіздік жөніндегі сарапшылары хакерлердің барда отырған адамның стаканда қалдырған саусақ іздері арқылы смартфонның құлпын қалай аша алатынын көрсетті. Бұл жайлы South China Morning Post хабарлайды.

Tencent мамандары хакерлердің мүмкіндіктерін Шанхайдағы киберқауіпсіздік жөніндегі конференцияда көрсетті. Алдымен залда отырған көрермендерді стаканға қол тигізуін сұрады. Содан кейін Tencent сарапшылар командасының басшысы саусақ іздерін суретке түсіріп, оларды арнайы қосымша арқылы қағазға басып шығарды.

Алынған суреттердің көмегімен үш смартфон мен екі биометриялық сканер ашылды. Мұның бәріне бар-жоғы 20 минут кетті.

Х-Lab зерттеушісі әрі команда басшысы Чэн Юй телефонның құлпын ашып, бұзып кіру үшін саусақ ізін нақты басып шығаратын құрылғы қажет екенін айтты. Мұндай жабдықты Tencent сарапшылары шамамен 140$ бағалаған.

Tencent мамандары саусақ іздерін стаканнан ғана емес, смартфонның шыны корпусынан да ұрлай алатынын ескертті.

2019 жылдың қазан айында мұндай мәселе Samsung Galaxy S10 смартфонында анықталды. Ұлыбритания тұрғыны өзінің смартфонына қорғаныш пленкасын сатып алды. Пленкада сақталып қалған саусақ іздері арқылы күйеуі смартфонды құлыптан оңай ашып алды.

Samsung мәселені шешуге уәде берді

Factcheck.kz