WhatsApp топтық чаттарға қатысты өзгерістер еңгізді

WhatsApp мессенджерінде “топтық чатқа қосуды” бақылау мүмкіндігі пайда болды. Енді пайдаланушылар мұндай чаттарға оны қоса алатын адамдарды таңдай алады. Бұл жайлы компания өз блогында хабарлады.

Осыған дейін нөміріңізді сақтаған кез-келген адам сізді топтық чатқа қоса алатын еді. Жаңа өзгерістерге сай топты ашқан адам пайдаланушыларға жеке шақыру жібереді. Шақыруды қабыл алу немесе алмау өз еркіңізде. Компанияның айтуы бойынша шақыруға үш күннің ішінде жауап беруіңіз керек.

Мүмкіндікті іске қосу үшін WhatsApp параметрлерін ашып, Аккаунт/Учётная запись > Приватность/Конфиденциальность > Группы түймесін басыңыз және келесі опциялардың бірін таңдаңыз: “барлығы”, “менің контактілерім” немесе “басқа контактілер…”.

WhatsApp топтық чаттарға қатысты өзгерістер еңгізді

Жаңа параметрлер мобильді қосымшаның соңғы нұсқасын орнатқаннан соң жақын арада іске қосылады. Бүгінде WhatsApp желісін 1,5 млрд адам қолданады.

Factcheck.kz