Үндістанда коронавирус жайлы тарап жатқан жалған ақпарат

Үндістанда әлеуметтік желілерді қолдану ауқымының кең болуы жалған ақпаратпен күресті қиындатады. 2017 жылы Үндістанда WhatsApp-ты 400 миллионнан астап адам пайдаланған. Aljazeera-ның хабарлауынша COVID-19 вирусы фейк жаңалықтарды одан сайын көбейтуде.

Үйде емделу, вирусы бар балмұздақ пен тауық еті, “қастандық теориясы” жайлы фейк ақпараттар желі арқылы тез таралып жатыр. Осыған байланысты өткен сенбіде премьер-министр Нарендра Моди азаматтарды COVID-19-ға қатысты қауесеттерге сенбеуге шақырды.

«Әдетте Үндістанда денсаулыққа қатысты жалған ақпарат көп таратылмайды. Бұрын біз денсаулыққа байланысты аптасына екі-үш хабарлама тексеретін едік. Қазір күн сайын бес-алты хабарлама аламыз, оның көп бөлігі коронавирус туралы ».

Ғылым мен денсаулық саласындағы фактчекер Шати Сутария, Boom сайты
Үндістанда коронавирус жайлы тарап жатқан жалған ақпарат
ЮНИСЕФ адамдардан балмұздақ пен басқа да салқын тағамдардан аулақ болуды өтінгені жайлы хабарлама

Уатсаптағы хабарламаға сенсек ЮНИСЕФ балмұздақ сияқты салқын тағамдарды тұтынбауға, матаға тиген вирус тоғыз сағат бойы жабысып тұратындықтан киімді жиі жууға кеңес берген. Алайда, ұйым бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Кей хабарламаларда С дәруменін көп мөлшерде қабылдау керегі айтылса, басқа хабарламаларда вирустың пайда болу тарихы жайлы фейк ақпараттар айтылған.

Бхаратия партиясының өкілі Джаната Моди (BJP) вирустан емдейтін дәрі-дәрмек ұсынды. Оның айтуынша сиырдың зәрі мен тезегі, оқытылған қалампыр гүлі ем болуы мүмкін дейді. Билік өкілінің бұл мәлімдемесін фактчекерлер сынға алды.

Фактілерді тексеруге арналған Boom сайты Үндістанның оңтүстігінде коронавирус туралы көптеген видеоларды көргеннен кейін өз-өзіне қол жұмсаған ер адамның ісі туралы хабарлады. Сайттың айтуынша ер адам видеоларды көріп, вирус жұқтырғанына сенімді болған.

Factcheck.kz