Ұлттық экономика министрлігі фейк хабарлама жайлы ескертті

Ұлттық экономика министрлігі фейк хабарлама жайлы ескертті

ҚР ұлттық экономика министрлігі қазақстандықтарды мессенджерлерде жаңа фейк хабарламалардың таралуы жайлы ескертті. Баспасөз қызметінің ақпараты бойынша жалған ақпарат кеше пайда болды. ҰЭМ министрлігінің ресми сайтында жарияланған хабарламада:

“8 қыркүйекте  түрлі мессенджерлерде Ұлттық экономика министрлігі жүргізген сауалнамаға қатысып, 350 000 тенгеге ие болу туралы  жалған хабарлама таратылған. Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметі   бұл жалған  ақпаратың Ұлттық экономика министрлігіне еш  қатысы жоқтығы туралы  ресми түрде хабарлайды” деп жазылған.

Мессенджерлерді жалған ақпараттың таралу оқиғасы жиі кездеседі. Мысалы, мамыр айында астана білім басқармасы WhatsApp-та ата-аналар сөйлесуі бойынша таратылған балаларға арналған балабақшаларға бөлу туралы ақпаратқа түсініктеме берді.

Былтырғы жылдың қараша айында Factcheck.kz WhatsApp әлеуметтік желісіндегі отбасылық чатта он екі баланың өлімі туралы хабарламаны тексеріп, жалған деп таныды.

Factcheck.kz