Twitter жалған ақпарат тарататын барлық парақшаны жабады

Twitter жалған ақпарат тарататын барлық парақшаны жабады

Twitter бүкіл әлем бойынша мыңдаған аккаунттардың жабылғаны туралы хабарлады. Өшірілген парақшалар Біріккен Араб Әмірліктері, Қытай мен Испания сияқты мемлекеттердің пропаганда құралына айналып, жалған ақпарат таратумен айналысқан. Бұл туралы France 24 хабарлайды.

Twitter хабарлауынша, Гонконгта наразылық білдірушілер арасында арандатушылық тудыру мақсатында Қытайдан жалған ақпарат таратқан 4302 аккаунт өшірілді. Сондай-ақ, Мысыр мен Біріккен Араб Әмірліктерінен Катар мен Йеменге қарсы хабар тарататын парақшалардың жабылуы туралы айтылды.

Сонымен қатар, Испаниядан, Эквадордан жалған ақпарат тарататын парақшалар да бұғатталды.

Тамыз айында Twitter әкімшілігі Гонконгта наразылық білдірушілерге қарсы ақпараттық кампания туралы хабарлаған еді. Нәтижесінде ақпараттық кампанияға 936 аккаунт қатысқаны белгілі болды. Олардың барлығы бұғатталды.

Бірнеше күннен кейін Google Гонконгтағы жағдайға әсер етуге тырысқан 210 YouTube-арнасын платформадан алып тастады.

Factcheck.kz