Twitter фейк медиафайлдарды таңбалайды

Twitter әлеуметтік желісі платформада жарияланған фото, бейне және аудиофайлдарды қайта тексеретін болады. Жазбалар шындыққа жанаспайтын немесе өңделген болса оны таңбалап, желіде сирек көрсетеді. Компания өзгерістер жайлы өз блогында хабарлады.

Сонымен қатар әлеуметтік желі оқырмандарды шатастыратын немесе жаңсақ пікір қалыптастыратын жазбаларды зерттеуге уәде береді.

Медиафайлдың мазмұнынан басқа оның метадеректері, файлды сипаттайтын жазба және оны жариялаған пайдаланушының парақшасы тексеріледі.

Медиафайлды таңбалаудан бөлек, туиттер фейк медиафайлдарды платформада сирек көрсетеді. Ал жазбаға “ұнату” белгісін қойғысы келетін немесе ретвит жасағысы келген адамға ескерту жібереді.

Егер әлеуметтік желі жалған медиафайл адамның немесе белгілі бір топқа қауіп төндіреді, жеке өміріне араласады немесе жаппай зорлық-зомбылық пен тәртіпсіздік тудыруы мүмкін деп шешсе, жазбаны желіден өшіріп тастайды.

Жаңа ережелер 2020 жылдың наурыздың 5-і күшіне енеді.

Factcheck.kz