Twitter билікке қатысты аккаунттарды белгілей бастады

Туиттерде үкіметтің есептік жазбаларында, сондай-ақ мемлекеттік басылымдардың аккаунттарында арнайы белгілер пайда болды. Tjournal-дың хабарлауынша әзірге мұндай белгілер бес елдің, соның ішінде Ресейдің Twitter аккаунттарында көрсетіледі.

  • Twitter билікке қатысты аккаунттарды белгілей бастады
  • Twitter билікке қатысты аккаунттарды белгілей бастады
  • Twitter билікке қатысты аккаунттарды белгілей бастады

Компания өкілінің хабарлауынша арнайы белгілер үкіметтің ресми өкілдері, мемлекеттік БАҚ және БАҚ-пен тығыз байланысты адамдар жүргізетін аккаунттар жайлы қосымша ақпарат береді. Туиттер мұндай есептік жазбаларды кеңінен таратпайтын болады.

Қазір белгілер БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүше бес елдің, Қытай, Франция, Ресей, Ұлыбритания және АҚШ-тың аккаунттарында көрсетіледі. Аккаунттар үкіметке тиесілі, геосаясат пен дипломатияға белсенді қатысу үшін пайдаланылса немесе мемлекеттік БАҚ және ол жерде жұмыс істейтін редакторлар немесе танымал журналистердің есептік жазбаларында пайда болады.

Дегенмен, Дональд Трамптың ресми аккаунтында белгі қойылмаған, ал Кремль атынан жүргізілетін есептік жазбада бар. Белгі Франция президенті Эммануэль Макронның және кейбір шетелдік БАҚ-тың аккаунтында әлі пайда болған жоқ.

Factcheck.kz