Түркия Уикипедияны бұғаттан шығарды

Түркия соты екі жылға жуық бұғатта болған әлемдік энциклопедияны қолдануға рұқсат етті. Бірақ елдің кейбір аймақтарындағы қолданушылар бұл сайт әлі бұғаттаулы екенін хабарлады.

Түркия Республикасы уикипедияны бұғаттаған жалғыз ел еді (Қытайды санамағанда). Жақында Анкара соты онлайн энциклопедияны қолдануға рұқсат етіп, телекоммуникациялар реттеушісіне сайтты бұғаттан шығаруға тапсырма берді.

Осыдан үш жыл бұрын Түркия билігі уикипедияны бұғаттау керегін мәлімдеді. Себебі сайт үкіметті террористік топтарға көмектескен деп айыптаған мақаланы өшірмеді. Сондықтан 2017 жылдың сәуір айында сайт бұғатталды.

Құқық қорғау ұйымдары президент Режеп Тайып Ердоғанның басшылығындағы Түркия Республикасында сөз бостандығына қысым жасалып жатқанын үнемі сынап отырды. Ал 2016 жылы бұқаралық ақпарат құралдарында билік органдарының сынағандарды жаппай репрессиялады.

https://twitter.com/Wikipedia/status/1217618017208741889

Онлайн энциклопедия Twittter парақшасында қуанышты хабарды жариялап, бұл жаңалықты сайттың 19 жылдығына арналған ең жақсы сыйлық деп атады.

Factcheck.kz