Трамптың болжауынша жарық коронавирусты бір минут ішінде өлтіреді

Жоғары температура, ылғал және тікелей күн сәулесі ауадағы немесе түрлі заттардың бетіндегі коронавирусты өлтіреді. Бұл жайлы АҚШ ішкі қауіпсіздік министрінің ғылым және технологиялар жөніндегі орынбасары міндетін атқарушы Уильям Брайан хабарлайды дейді ТАСС агенттігі. Уильям Брайан АҚШ ішкі қауіпсіздік министрлігі жүргізген зерттеу нәтижелерін ұсынды.

«Бүгінгі таңда біз тікелей күн сәулесі ауадағы және түрлі заттардың бетіндегі вирусқа әсер етіп, оны өлтіретінін көрдік. Жоғары температура мен ылғал да дәл осылай әсер ететінін байқадық. Температура мен ылғалдың жоғарлауы вирусты өлтіреді», – дейді Брайан.

Оның айтуынша, күн сәулесі тікелей түсіп, 21-ден 24 градусқа дейін жоғарласа және ауа ылғалдылығы 80% болса вирус екі минут ішінде өледі. Ал ауадағы вирус дәл осы температурада, бірақ ылғалдылығы 20% жерде бір жарым минут ішінде өледі.

Брифингке қатысқан АҚШ президенті Дональд Трамп «егер вирус жұқтырған адамның денесінен қуатты ультракүлгін сәулесін немесе жарық өткізсе» немесе «жарық денеге тері арқылы жеткізілсе», бұл «дезинфекциямен бірдей болады» және коронавирус «бір минут ішінде өледі» деп болжады. Алайда, бұл әдісті толықтай зерттеп, сынақтан өткізу керегін атап өтті.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының сайтында адам ұзақ уақыт бойы күннің ультракүлгін сәулелерінің астында тұрса денсаулығына зиян келтіруі мүмкін екенін айтылған. Оның ішінде тері, көз және иммун жүйесінің созылмалы ауруы пайда болуы, тіпті тері қатерлі ісігі және катаракта дамуы мүмкін.

Обьективтілікті сақтау үшін Factcheck.kz редакциясы жарнамадан бас тартып, мемлекеттен, ірі компаниялар мен саяси топтардан алшақ болу принципін ұстанып, тәуелсіздігін сақтап келеді. Қазір Factcheck.kz сіздердің қолдауларыңызға мұқтаж. Оқырмандарымыздың біздің шотқа аударған қаржысы – фактчекер-журналистер, аудармашылар мен ұжымның басқа мүшелеріне еңбекақы, қаламақы төлеу үшін қажет. Олар ары қарай да тоқтамай еңбек етіп, шындықты, жалған мен манипуляциядан ажырата бермек. Біз сенімді дереккөзден тексерілген тәуелсіз ақпарат алуға әркімнің құқы бар екеніне сенеміз.


Өтінеміз, кез келген сомманы таңдаңыз…



немесе өзіңіздің біздің есепке аударғыңыз келген соманы жазыңыз