The Guardian: Ассанж ісі бойынша жаңа деректер

АҚШ президенті Дональд Трамп Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанж 2016 жылғы президенттік сайлау алдында Ресейдің АҚШ Демократиялық партиясының серверлерін бұзбады деп мәлімдесе оны кешіретінін айтты. Бұл ұсынысты Ассанждың қорғаушысы Лондон сотына хабарлады.

Қорғаушының айтуынша, Трамптың бұл ұсынысын Ассанжға көптеген мәселелер бойынша ресейлік позициясымен танымал бұрынғы республикашыл-конгрессмен Дана Рорабайкер жеткіздіі. Ақ үй бұл ақпаратты жалған деп атады.

Ассанждың қорғаушысы Дженнифер Робинсон конгресмен Трамптың ұсынысын 2017 жылдың тамыз айында жеткізгенін айтты. Ол кезде Ассанж Лондондағы Эквадор елшілігінде еді. Сот бұл ақпаратты Ассанждың ісі бойынша өтетін тыңдау кезінде назарға алуға уәде берді.

Рорабейкер блогында Трамппен Ассанж туралы ешқашан сөйлеспегенін және Лондонға өзінің жұмыстарымен келгенін айтты. Ресей бұл оқиғаға қатысын жоққа шығарғанымен, 2018 жылы АҚШ-та Ресейлік бірнеше барлау қызметкеріне айып тағылды.

Британдық сот Wikileaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжды АҚШ-қа экстрадициялау ісі бойынша тыңдауды 2020 жылдың 25 ақпанына тағайындады.

Егер сот Ассанжды экстрадициялауға шешім қабылдаса, Ассанжды АҚШ-та тыңшылық қылмысы бойынша жаңа сот процесі күтіп тұр. Кінәлі деп танылған жағдайда, ол 175 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Джулиан Ассанж аса құпия құжаттарды, билік өкілдерінің хаттарын, сыбайлас жемқорлық туралы деректерді жұртқа жариялағаннан бастап атақты болды. Ол 2010 жылы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен қамалып, кейіннен кепілмен босатылды. Ассанж 2012 жылы маусымның 9-ы Эквадор елшілігіне саяси баспана беру өтінішімен келді және 2019 жылдың сәуір айына дейін ол жерден шықпаған.

Factcheck.kz