Snapchat дипфейк функциясын сынақтан өткізді

Snapchat пайдаланушының селфиін видеодағы кейіпкерлердің бетімен ауыстыруға мүмкіндік беретін жаңа функцияны іске қосуға дайындалуда. Шын мәнінде, бұл GIF форматында дипфейка жасаудың оңайлатылған тәсілі. Жаңа жоба туралы TechCrunch хабарлайды.

Cameo деп аталатын жаңа функция Snapchat хабарламасында эмоциялар мен реакцияларды жылдам көрсету үшін мем немесе смайлдардың орнына қолданылады.

Компания платформада жаңа функцияның пайда болғанын растады. Алайда бұл функция халықаралық нарықта тек кейбір елдерде сынақтан өткізіледі. Компания “Cameo әлі нарыққа шығуға дайын емес, жақын арада бәрі болады. Күтіңіз!» деген мәлімдеме жасады.

Cameo-ны пайдалану үшін Snapchat-қа селфи жасау керек. Содан кейін сіз ер немесе әйел түрін таңдайсыз.

https://twitter.com/gartr268/status/1203080218912739330

Snapchat бұл қызмет үшін әр апта сайын жаңартылып отыратын 150 дыбыстық қысқа циклдық бейне клиптер әзірледі. Қысқа клиптер мол ақшаға кеңелгеніңізді, ессіз билегеніңізді, ұйықтағаныңызды бейнелей алады.

Factcheck.kz