Швеция Джулиан Ассанжға қарсы істі тоқтатты

Швеция WikiLeaks сайтының негізін қалаушы Джулиан Ассанжға қарсы тағылған жыныстық зорлық-зомбылық айыбын қанағаттандырмады. Швед прокуратурасы 2010 жылы басталған тергеуді тоқтатты. Бұл жайлы BBC орыс қызметі хабарлады.

Ассанж WikiLeaks сайтында АҚШ, Британия және басқа да мемлекеттерге қатысты миллиондаған құпия құжат жариялаған еді. Ирактағы соғыс туралы материалдарды және жетекші әлемдік державалардың дипломатиялық хат алысуларын жариялаған белсенді Лондондағы Бельмарш түрмесінде отыр.

2010 жылы Швецияда екі әйел Ассанжды жыныстық зорлау фактісі бойынша айыптады. Олардың айтуынша жыныстық қатынас мүшеқапсыз болған. Көп ұзамай тергеу тоқтатылды, бірақ біраз уақыттан кейін қайта ашылды.

Дегенмен бұл іс 2019 жылдың тамыз айында тоқтатылды. Бұл жайлы Бас прокурордың орынбасары Ева-Мари Перссон арнайы баспасөз конференциясын өткізіп, тергеуді тоқтататынын хабарлады.

Джулиан Ассанж аса құпия құжаттарды, билік өкілдерінің хаттарын, сыбайлас жемқорлық туралы деректерді жұртқа жариялағаннан бастап атақты болды. Ол 2010 жылы жыныстық зорлық көрсетті деген күдікпен қамалып, кейіннен кепілмен босатылды. Ассанж 2012 жылы маусымның 9-ы Эквадор елшілігіне саяси баспана беру өтінішімен келді және 2019 жылдың сәуір айына дейін ол жерден шықпаған.

Factcheck.kz