Ресей ІІМ: медициналық маскалар бетті тануға кедергі келтірмейді

Мәскеуде адамдарды тану функциясы бар бақылау камералары өзін-өзі оқшаулау режимін бұзушыларды анықтау үшін пайдаланылды. Бұл жайлы ТАСС хабарлайды.

Бұл камераларға медициналық маска таққан адамның бетін тануға кедергі келтірмейді.

Мәскеуде тұрғындардың жоғары дайындық режимі енгізілген сәттен бастап маска тағу міндеттеледі, алайда бұл ДСӨБО ГАЖ-дың (деректерді сақтау және өңдеудің бірыңғай орталығы) жұмысына еш әсер етпеді.

Бүгінде қалада FaceID қызметі бар үш мыңға жуық интеллектуалды бейнекамерасы бар ауқымды желі іске қосылды. Алдағы уақытта бұл функциямен қаладағы барлық камераны жабдықтау жоспарлануда, олардың жалпы саны 160 мыңнан асады.

Factcheck.kz